Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

01.07.2022 4

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілді мәселелерді зерделей келе, Ақмола облысының Степногорск қаласында орналасқан пестицидтер мен гербицидтер шығаратын ауыл шаруашылығы кәсіпорнында болды.

28.06.2022 89

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның осы сессиядағы қорытынды отырысы өтті. Онда депутаттар бірқатар заң жобасын қарап, қабылдады.

27.06.2022 46

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында депутаттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне Мәукен Еркешті сайлау туралы Президенттің ұсынысын қарады. Кеңейтілген отырыста депутаттар сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» заң жобаларын талқылады.

27.06.2022 34

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті.

27.06.2022 31

Парламент Сенаты Бюросының мүшелері Палата отырысының 2022 жылғы 28 маусымға жоспарланған күн тәртібін бекітті.

27.06.2022 141

Сенатта журналистер арасындағы «Парасат» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

25.06.2022 35

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті.

25.06.2022 32

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Шығыс Қазақстан облысында көшпелі отырыс өткізді. Онда ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігі мен кооперациясын дамыту мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылады.

24.06.2022 29

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Жеңіс Нұрғалиев, Нұрлан Бекенов, Әбдәлі Нұралиев және Бақтыбай Шелпеков Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Страсбургте өткен жазғы сессиясының жұмысына қатысты.

24.06.2022 29

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ләззат Сүлеймен мен Динар Нөкетаева «Орталық Азия мемлекеттеріндегі парламентші әйелдердің терроризмге қарсы іс-қимыл және зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асырудағы рөлі» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі форумға қатысты.

24.06.2022 39

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Сенаторлар кеңесінің отырысы өтті. Онда Кеңес мүшелері «Конституциялық реформа – Жаңа Қазақстаннын негізі» тақырыбында ой өрбітті.

24.06.2022 30

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшылығымен кездесу өткізді. Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында азаматтық қоғамды дамыту және отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқылаудың негізгі тақырыбы болды.

23.06.2022 51

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Маттео Мекаччимен кездесті.

23.06.2022 27

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

23.06.2022 66

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар бірқатар заң жобасын қарады.