Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

"Өңір" депутаттық тобы туралы

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Біз Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Өңір» депутаттық тобының ресми веб парағында сіздермен жүздесуге қуаныштымыз.

«Өңір» депутаттық тобы  ерікті депутаттық топ болып табылады және өңірлерді дамытуға жәрдемдесу мақсатында  өз өкілеттіктерін бірлесіп жүзеге асыру үшін құрылған.

Ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес мемлекеттің басты міндеттерінің бірі – өңірлік даму мәселелері.Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, географиялық, табиғи-климаттық жағдайлардың,  демографиялық ахуалдың, даму тарихының және басқа  факторлар өзгешеліктеріне орай,  өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі де әртүрлі екенін айғақтайды.

Сондықтан  әрбір мемлекет өңірлердегі тұрмыс-тіршілік деңгейін жақсарта түсуге, яғни олардың даму деңгейін арттыруға бағытталған  өңірлік саясатты жүзеге асыруға ұмтылады.Депутаттық  топ  өңірлік даму  және маслихаттар депутаттарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу, мониторингтер жүргізу арқылы  өңірлерді  тиімді және үйлесімді дамытуды өз міндеті етіп қойып отыр.

Біз Қазақстан Республикасының Үкіметімен, министрліктермен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен өңірлік даму мәселелері бойынша  қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында белсенділікпен бірлесе іс-қимыл жасаймыз. Заңнаманы  жетілдіру жөніндегі  бірлесе атқарған жұмысымыз өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді деп үміттенемін.