Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Кеңес ережесі

 Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенаты 

Бюросының 2019 жылғы

«1» шілдедегі № 320-VI СБ қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі кеңес туралы

ЕРЕЖЕ

 

         Осы ереже Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі кеңестің мәртебесін, өкілеттігін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.   

 

  1. Жалпы ережелер

     

    1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган болып табылады.  

    2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламенті, Қазақстан Республикасының заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.     

    3. Кеңес шешімі ұсынымдық сипатта болады.

     

  2. Кеңестің міндеттері мен функциялары

 

4. Кеңестің негізгі міндеті заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады. 

5. Кеңестің функциялары:

1) заң шығару процесіннің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

  1.  нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми, құқықтық сараптама жүргізу рәсімі жөнінде ұсыныстар әзірлеу;        
  2.  нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  3.  халықаралық шарттарды ратификациялаудан өткізу рәсімі жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  4.  Парламент Сенатына келіп түскен, заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарау және бағалау;

6) заң шығару қызметі саласындағы шет мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу және жинақтап қорыту болып табылады.

 

 

3. Кеңес құрамы

 

6. Кеңес құрамы Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарынан, сыртқы істер, әділет министрліктерінің және Әділет министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат институтының өкілдерінен, белгілі ғалымдардан, қоғам қайраткерлерінен, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құралады.

7. Кеңестің дербес құрамын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы бекітеді.

8. Кеңесті Төраға – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы басқарады не Төрағаның тапсырмасы бойынша Төраға орынбасарларының бірі. Кеңес құрамы ішінен Кеңес Төрағасының орынбасары мен хатшысы сайланады.

9. Кеңес Төрағасы:

  1. 1)  Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

    2) Кеңес Төрағасының орынбасары мен хатшысының кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізеді;

  1. 3)  Кеңес отырысын өткізу күнін, орнын және уақытын белгілейді;
  1. 4)  Кеңес отырыстарында төрағалық етеді;

    5) Кеңес Төрағасының орынбасарына, хатшысына және Кеңес мүшелеріне тапсырма береді;

    6) Кеңес қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін шешеді.

     

    4. Кеңес қызметін ұйымдастыру

     

    10. Кеңес отырысы қажеттілігіне қарай және жарты жылда кемінде бір рет Төраға белгілеген мерзімде өткізіледі.

    11. Кеңес отырысы оның құрамының кемінде жартысы қатысқан кезде заңды. Кеңес  мүшелерінің өкілеттіктерін өзге лауазымды адамдарға беруіне жол берілмейді.

    12. Кеңес шешімі ашық дауыс беру арқылы Кеңес мүшелерінің отырысқа қатысқан жалпы санының қарапайым басым дауысымен қабылданады. Дауыстар тең бөлінген кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

    13. Кеңес шешімі Кеңес Төрағасы не оны алмастыратын адам қол қойған хаттамамен ресімделеді.

    14. Кеңес Төрағасы болмағанда оның функцияларын (оның тапсыруы бойынша) Кеңес Төрағасының орынбасары орындайды.

    Кеңес мүшелері:

  1. Кеңес өткізетін барлық іс-шараларға қатысуға;
  2. Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ Кеңес құзыреті аясында талқыланатын мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге;

3) Кеңес отырыстарына және Кеңес ұйымдастыратын өзге де іс-шараларға шешім жобалары мен материалдар дайындауға қатысуға;

4) заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан Кеңестің міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

5) заңнамада белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде ғалымдар мен тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі жұмысқа тартуға;

6) Кеңестің жұмысына қатысты материалдармен танысуға құқықтары бар.

15. Кеңес хатшысы:

  1. 1)  оның отырыстарының күн тәртібі жобасын жасайды;

    2) Кеңес отырыстарының материалдарын, сондай-ақ шешімдердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

    3) Кеңес мүшелерін Кеңестің кезекті отырысының өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабардар етеді, оларды қажетті материалдармен уақытылы қамтамасыз етеді;

    4) Кеңес отырыстары хаттамаларынан үзінді көшірмелерді өз қолымен куәландырады;

    5) Кеңес Төрағасының өзге де тапсырмаларын орындайды.

    5. Кеңес жұмысын қамтамасыз ету

     

             16. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

     

    6. Кеңес жұмысының тоқтатылуы

     

             17. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

     

     

     

    ____________________