Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Райымбеков Каналбек Өтжанұлы

Райымбеков Каналбек Өтжанұлы

1959 жылы туған. Білімі жоғары. Мәскеу жерге орналастырушы инженерлер институтын, «Тұран» университетін бітірген. Жерге орналастырушы, заңгер.

«КазГипроЗем» институтының жерге орналастырушы-инженері, аға инженері, жетекші инженері, Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің Мемлекеттік жер инспекциясы бас маманы, бөлім бастығы, бастығы, Жер ресурстарын басқару агенттігі басқарма бастығы, төрағасының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің "АҚРҒӘО" мемлекеттік мекемесі директорының кеңесшісі, «Тенгизшевройл» ЖСС-ң аға маманы, Парламент Мәжілісі Аппараты Аграрлық мәселелер комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істеген.

Үш медальмен, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.