Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Сұлтанқұлова Жазира Қайратқызы

Сұлтанқұлова Жазира Қайратқызы

1980 жылы туған. Білімі жоғары.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Заңгер.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі Тұтынушылардың құқығын қорғау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бастығы, Құқықтық сараптама бөлімінің бастығы, ҚР Президенті Іс Басқармасының «Сары-Арқа» кешенді дамыту орталығы» Мемлекеттік қорының заңгер кеңесшісі, «Евро-Арт» ЖШС директоры, Парламент Сенаты Аппараты Құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Экономикалық және өңірлік саясат комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ақпараттық-талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеген.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, үш мерейтолық медальмен наградталған.