Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Сыдықов Серік Сламжанұлы

Сыдықов
Серік
Сламжанұлы
Сенат Аппаратының Басшысы

1962 жылы туған. Білімі жоғары. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер.

Қазақ КСР Мемлекеттік еңбек комитеті Іс басқармасының еңбек ресурстары бөлімінің аға экономисі және аға инспекторы, Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің Еңбекті құқықтық реттеу бөлімінің бас заңгер- консультанты, Мемлекеттік жұмыспен қамту инспекциясының бастығы - жұмыспен қамту бас басқармасы бастығының орынбасары, «Тұран-Агро» ЖШҚ-фирмасы заң бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Жоғарғы Кеңестегі өкілдігінің аға сарапшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Құқықтық сараптама бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, Сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Сенат Аппараты Басшысының орынбасары, Бірінші орынбасары болып қызмет істеген.

«Құрмет» орденімен, ТМД ПАА Құрмет грамотасымен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісімен, тоғыз мерейтойлық медальмен марапатталған.