Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өртембаев Асқар Қалмұхаметұлы

Өртембаев
Асқар
Қалмұхаметұлы
Сенат Аппараты Басшысының орынбасары

1963 жылы туған. Білімі жоғары. Ленинград мемлекеттік университетін, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясының қаржы-банктік мамандықтары бойынша мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтын бітірген. Заңгер, экономист.

Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Аппаратының бас сарапшысы, аға консультанты, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Заң департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің директоры, «Казпошта» ААҚ Заң департаментінің директоры, «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компаниясы» ААҚ Заң басқармасының бастығы, Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының атқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Төрағасының кеңесшісі, «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарларының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Құқықтық сараптама бөлімінің бас консультанты болып қызмет еткен.

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, бес мерейтойлық медальмен, сондай-ақ «Үздік қаржыгер» қоғамдық медалімен марапатталған.