Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы 2013 жылдың сәуір айында Қызылорда облысына іс-сапармен барды.

12.04.2013 0
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары сайлаушылармен дәстүрлі кездесулері жоспарымен ағымдағы жылғы сәуір айында Сенатор Мұрат Бақтиярұлы "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалында жастармен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары сайлаушылармен дәстүрлі кездесулері жоспарымен ағымдағы жылғы сәуір айында Сенатор Мұрат Бақтиярұлы "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалында жастармен кездесті. Сенатор Парламенттегі заң жобаларының шығарылуы туралы айтты. Ел басының алға қойылған жастар саясаты туралы жолдауы талқыланды. Жастар болашақтың тірегі екенің және оларға Үкіметтен қолайлықтар жасалып жатқаның, сонымен қатар жастар көп еңбек ету қажеттігін алға салды.

 

Қызылорда қаласында қоғамдық қабылдау өткізді

 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы "Нұр Отан"              халықтық-демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалында жеке азаматтарды олардың өтініштері бойынша қабылдады. Қабылдауға партияның қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Шәріп Әбдірахманов қатысты.

Мұрат Бақтиярұлының қабылдауына оннан астам адам тізімге жазылып келді. Сонымен қатар Сенат депутаты алдын-ала жазылмаған азаматтарды да қабылдап, олардың өтініштері мен мұң-мұқтаждарын тыңдады.

Солардың бірі жергілікті тұрғындарды заңсыз жұмыстан шығарылғандары, заңсыз жер мүліктерін сатып жіберген сұрақтар болды. Ал, "Қайсар" футбол клубының қызметкерлері жұмыстан заңсыз шығарылып және клубтың қосалқы тобындағы жас ойыншылары да шеттетілуде болып жатқан өтініштері сыртта қалмады.

 

Жаңақорғанға іс-сапар

 

ҚР Парламентінің Сенат депутаттары Қ. Баймаханов пен М. Бахтиярұлы Жаңақорған ауданында іс сапармен болды.

 

Жаңақорған кентінде, аудан әкімдігінің мәжіліс залында  аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді.

Жаңақорған орталығынан 90 шақырымдай жерде орналасқан  Манап, Талап, Бесарық  елді мекендерінің халқының саны бес мыңнан асып отыр, осыған байланысты аталған үш ауылдық округке  1 ауылдық аурухана салынса деген ұсыныстар түсті. Осындай мәселе Келінтөбе ауылдық округінде де болып отыр. Осы 2  ауылдық округтегі ауруханаларды іске қосып күні - түні  режимдік жұмыс жасауға ауыстырылса деген ұсыныстар болды.

 

Кенттегі ең бір күрделі мәселе ауыз су мәселесінің шешімін таба алмай тұрғандығын, қазіргі таңда кенттегі 26 мың халықтың тек 25%-ы  ғана ауыз сумен қамтамасыз етіліп отырғандығын, сол ретте,  кенттегі ауыз су мәселесі толығымен шешілу сұрақтары көтерілді.                                                 

 

Ауданда үлкен тас ұнтақтау, уран өнімдерін шығару және ірі өнеркәсіптер мен  кәсіпкерлердің қолдауымен ауданда тұрмысы төмен және тағы да басқада жағдайдалары бар азаматтарға көмек көрсету үшін арнайы қор ашылуы туралы ұсыныстар болды.

 

ҚР Парламент Сенатының депутаты М. Бақтиярұлы Жаңақорған аудандағы 2 аурухананы  түнгі  режимге ауыстыру жөнінде облыстық бюджеттен қаржыландыруды облыс әкіміне жеткізу туралы және қорлар жөнінде бұл қорды міндетті түрде ашу, оны кімдерге беру қажет екендігін белгілеу үшін әкімдік жанынан арнайы комиссия құру қажеттігін айтты.

Ауыл әкімдерін сайлау шілде айынан басталатының, әкімдікке үміткерлерді аудан әкімі ұсынатының, мәслихат депутаттары сайлайтының және ауылдық елді мекендерде атқарушы органдардың жұмысы жергілікті органдарға берілетінің жеткізді.

Сенаторлар "Қожакент" ауылдық округі әкімшілігінің "Нұрбол" шаруақожалығында болып, шаруақожалығының жұмысымен танысып, күріш ақтайтын цехты, мал сою алаңы мен мал болдарқылау орнын көріп, шаруашылық мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында шаруашылықты одан әрі дамыту жайлы сөз болып, қажет болған жағдайда асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдарын алуға көмек беретіндігін жеткізді.

Сонымен қоса "Қаратөбе" ауылдық округінде жылыжай жұмыстарымен танысып, жұмысшыларымен пікірлесті.

 

Шиелі ауданына іс-сапар

 

Шиелі аудандық  мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын "Мемлекеттік мекемелермен "Бір терезе " қағидасын іске асыру жайы" туралы мәселеге байланысты XVI cессиясына Парламент  сенатының депутаттары М.Бақтиярұлы, Қ. Баймаханов қатысты.

 

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында "Мемлекеттік мекемелермен  "Бір терезе қағидасын іске асыру жайы" туралы мәселесі қаралды.

Сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы және Қожахмет Мәдібайұлы Баймаханов,  аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, кент, ауыл әкімдері, аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, мекеме басшылары қатысты. Мұрат Бақтиярұлы және Қожахмет Мәдібайұлы  өздерінің атқарған жұмыстарына тоқталып және заңдарда болып жатқан өзгерістер туралы айтып өтті.

Ауданда Бір терезе қағидасымен жұмыс жасайтын уәкілетті органдардың Стандарт талаптары сақталмағанын,  мемлекттік қызмет туралы толық ақпарат:   анықтама бюросы, толтырылған бланк үлгілері бар тағандармен   жабдықталмағанын, мүмкіндігі шектеулі  тұтынушыларға  қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделмегенін, жауапты адам туралы мәліметтер жоқ екені, сонымен қатар,   уәкілетті органдардың мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметі бойынша жауапты адамдардың заңмен бекітілген жұмыс қағидаттарын  сақтауы өз дәрежесінде еместігін айтылаа өтіп, соларды жою үшін жұмыс жасау қажеттігі туралы сұрақтарды көтерілді.

     Сонымен қатар көп сұрақтар ішінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 68 жылдығына орай "Бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету" туралы  мәселеге байланысты,  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар туралы хабарлама жасалынды. Осы мәселе бойынша шешімнің жобасы негізге алынып,  толығымен бекітілді.

 

 

 

Поделиться