Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

17.06.17 "Жасыл экономикаға көшу жолында" Маңғыстау

19.06.2017 0

2017 жылдың 9 маусымында Астана қаласында шетел мемлекеттерінің, оның ішінде Ресей мен Қытай басшыларының қатысуымен EXPO-2017 - «Болашақ энергиясы» Халықаралық мамандандырылған көрменің салтанатты ашылуы өтті. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көрмені ашуда – заманауилықтың асқан ойшылдарының қатысуымен жоспарланған Экспо – 2017 іс-шаралары адамзаттың дамуының жаңа жолдарын білдіретінін атап өтті. Миллиондаған қазақстандықтар мен әлемнің бұрыш-бұрышынан жиналған жүздеген мың қонақтар әлемдік ғылыми және инженерлік идеялардың асқан жетістіктерімен танысады».

«Болашақ энергиясы» көрмесінің тақырыбы жаңғыртылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалануда ғаламдық трендпен ұйқас. Экологиялық таза энергияға әлемдік сұраныс үнемі өседі. Іс жүзінде барлық дамыған елдерде ЖЭК байланысты бағдарламалар іске асырылады. Шығарылатын энергияның жалпы құрылымындағы балама көздердің энергия үлесі артады. Жел станциялары мен күн панельдерінің және т.б. тиімділігін арттыру мақсатында ғылыми әзірленімдер жүргізілуде. ЖЭК артықшылықтары талассыз. Энергетикалық жүйені әртараптандыру мен энергия тасымалдауыштары нарығында баға жағдаятынан тәуелсіздіктен басқа аталмыш саланың дамуы қоршаған ортаны сақтауға және елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ЖЭК, атап айтқанда жел мен күннің сарқылмаушылығы да балама энергетика нарығының өсуі үшін аса тартымды фактор болып табылады.

         2013 жылы Қазақстан негізгі мақсаты – Қазақстан халқының әл-ауқатын, өмір сүру сапасын арттыру және қоршаған ортаға жүктемені барынша азайту және табиғи ресурстардың тозуы кезінде елдің әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі болатын «жасыл экономикаға» елдің өтуі бойынша тұжырымдаманы қабылдады. «Жасыл экономика» принциптерін енгізудің жақтаушылары болып табылып, біздің ел отандық энергетиканы дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде жаңғыртылатын энергия көздерін қарастырады. Ел алдында тұрған басты міндет Елбасымыз Н.Назарбаевпен «Қазақстан – 2050» Стратегиясында - 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы және жаңғыртылатын түрлерін қоса алғандағы барлық энергия тұтынудың кем дегенде тең жартысы келуге тиіс деп айтылған.

Қойылған міндеттерді орындау үшін Қазақстан барлық қажетті шарттарға ие болады.

Біріншіден, Қазақстан Республикасының Парламентімен ЖЭК саласын дамытуға бағытталған бірқатар заңдар қабылданды. Сонымен, 2009 жылы жаңғыртылатын энергияны шығаратын жаңа кәсіпорындарды құруды ынталандыруға бағытталған «Жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Сонымен бірге, Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуі және балама энергетиканы дамыту шеңберінде бірқатар заңдарға, оның ішінде «Электр энергетикасы туралы»,  «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы», «Индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» және басқа Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өзгертулер мен толықтырудар енгізілді. Сондай-ақ, 2013 жылы ел Парламенті Жаңғыртылатын энергия жөніндегі Халықаралық агенттік (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялады. Сонымен бірге Қазақстан балама энергия көздерін пайдаланудың жеке стратегиясын қалыптастыру үшін қажетті халықаралық тәжірибеге, деректер қорына, аналитикалық зерттеулерге кіру рұқсатын алып, осы ұйымның толық құқылы мүшесі болды.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігімен ЖЭК саласын реттейтін, оның ішінде ЖЭК пайдалану бойынша объектілермен шығарылатын электр энергиясын есептік-қаржы орталығында орталықтандырылған сатып алу және сату бойынша бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.

Балама энергетиканы энергиямен жабдықтаудың ұлттық жүйесінің одан әрі даму артықшылығы ретінде анықтайтын басқа фактор – бұл балама энергия көздерінің маңызды ресурстары. Атап айтқанда, бұл Жоңғар қақпасындағы жел энергиясы, Алматы облысындағы шағын ГЭС және күн энергиясын пайдаланатын электр станцияларына арналған үлкен аумақтар үшін су энергиясы.

2020 жылы шамамен 1700 МВт жалпы белгіленген қуатпен ЖЭК 70 жуық объектілерін пайдалануға енгізу жоспарланады.

Осы саладағы үлкен жобалар бізде Маңғыстау облысында бар. Форт-Шевченко қаласы ауа ағындарының электр энергиясын басқаруда тамаша мүмкіндіктерге ие болады. Осы жерде инвесторлар белгіленген қуаты 42 МВт жел электр станцияларын пайдалануға енгізуді жоспарлайды, сондай-ақ Түпқараған ауданында «Қуаты 5 МВт ЖЭК құрылысы» жобасын іске асыру жоспарланады. Сонымен бірге, Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылында  жалпы қуаты 7 МВт 2 күн электр станциялары салынады. Аталмыш жобалар 2017 жылы Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген ЖЭК пайдалану бойынша объектілерді орналастыру жоспарына ресми енгізілді.

Қазақстан «жасыл экономикаға» өту бойынша Тұжырымдаманы іске асырып, тек ЖЭК дамытуға ғана емес, сонымен бірге басқа да маңызды бағыттарға көңіл бөледі.

Сонымен, үстіміздегі жылдың 31 мамырында басшысы мен болып табылатын Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының «Өңір» депутаттық тобымен «Астана қаласы мысалында Қазақстан Республикасындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату проблемалары мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек стол отырысын өткіздім. Мемлекеттік органдар және бизнес өкілдерінің қатысуымен кездесуде қалдықтарды басқару саласын дамыту – жеке жинауды енгізу, полигондарды экологиялық талаптарымен және санитариялық ережелермен сәйкестікке келтіру, қайта өңдеуге арналған қалдықтарды пайдалану, сондай-ақ жылу және электр энергиясын алу мүмкіндігі мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша депутаттық топ Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға өзінің ұсыныстарын бағыттады.

Қалдықтарды кәдеге жарату проблемасы  ҚТҚ мәселелерімен шектелмейтінін, алайда Каспий теңізінің экологиясын қорғау, оның жағалауының ластануына жол бермеу сияқты тақырыптарды қозғайтынын атап өткім келеді. Өз уақытында уытты және радиоактивті қалдықтардың көп мөлшері төгілген Маңғыстау облысындағы Қошқарата өзен қалдық қоймасы мұндай тектес проблемаларды шешуге жүйелік тәсілдің қажеттілік мысалдарының бірі. Мемлекет және қоғам алдында тұрған негізгі мігдет бұл қолдағы бар ресурстарды тиімді пайдаланып, болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз ету.

 Осыған орай, Астана қаласындағы «EXPO-2017» көрмесін өткізу Қазақстанның табиғатқа ұқыпты қарау мәселелері  бірінші орынға шығатын  экологиялық жауапты мемлекетті және қоғамды құруға ұмтылуын көрсетеді.

Үш ай бойы Астана болашақ энергиясы саласындағы жаңа жетістіктердің әлемдік орталығы болады. Мұнда экологиялық қауіпсіз және табиғатты жаратылыстағыдай сақтайтын энергетикалық саланы дамытуда әлем елдерінің қиял көрінісі көрсетіледі. Өз кезегінде, «ЭКСПО - 2017» өткізу Қазақстанға  отандық экологиялық таза энергетиканы дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер береді, соның арқасында ел болашақтың «жасыл» технологиясын әзірлеу, енгізу және пайдалану бойынша әлемдік жетекшілерге кіреді.

Көрмелер аяқталғаннан кейін ЭКСПО-2017 аумағы ғаламдық жасампаздық және даму алаңы болуын жалғастырады. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай – ЭКСПО инновацияларының тамыры «Астана» Халықаралық қаржы орталығының, «Жасыл» технологияны және инвестицияларды дамыту жөніндегі Халықаралық Орталық пен ІТ-стартаптарының Халықаралық технопаркінің ашылуымен елді, өңірді және әлемді дамыту игілігіне өзінің соғуын жалғастырады.

Поделиться