Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оказания услуг по предоставлению персонала»

18.11.2020 0

«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне персонал беру  жөніндегі  қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Парламенттің бір топ депутаты бастамасымен қарыздық еңбек саласындағы құқықтық жағдайыларды реттеу мақсатында әзірленген.

Бұған дейін ел заңнамасында мұндай құқықтық реттеу болмаған. Соның себебінен мемлекет тарапынан қолдау ала алмағандықтан жұмысшының құқықтары  өрескел бұзылып, көптеген сынды жағдайлар орын алуда. Осындай жұмысшылардың (аутстафферлердің) әлеуметтік кепілдіктері мен жеңілдіктері жоқтығынан оларға өндірістегі жарақат немесе өлім үшін ешқандай төлем қарастырылмаған.

Осылайша, аталған заң жобасы қарыздық еңбек саласында жұмыс істеуші азаматтарды әлеуметтік және құқықтық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған. Оның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен гигиена талаптарын сақтауды да қамтамасыз ету тетіктері қарастырылған.

Сондай-ақ, қарыздық жұмысшының жалақысын штаттағы қызметкердің негізгі еңбек ақысымен теңестіру ұсынылып, сыйақы жағы да ескерілген. Бұдан басқа тараптардың құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін, жазатайым оқиға кезінде тергеп-тексеру тәртібін, персоналды беру қызметтерінің жүзеге асыру тәртібін белгілеп реттейтін нормалар енгізілген, қарыздық еңбек саласына қатысты жаңа терминдер мен ұғымдарға түсінік берілген.

Заң жобасын қабылдаудың әлеуметтік маңызы зор, Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланған әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін қамтамасыз етеді, теріс экономикалық, элеуметтік, құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

 

Поделиться