Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Сената Парламента РК Абдикеров Рыскали Калиакпарович выступил содокладом на заседании Комитета по проекту Закона Республики Казахстан «О ратификации Многосторонней конвенции по выполнению мер, относящихся к налоговым соглашениям, в целях противодействия размыванию налоговой базы и выводу прибыли из-под налогообложения»

24.12.2019 0

«Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша

Баяндама

 

Құрметті Владимир Васильевич !

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі қарауымызға «Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі - Заң жобасы) ұсынылып отыр.

Анықтама:Қаралып отырған Заң жобасы Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенция BEPS жобасы шеңберінде әзірленген. 

Осы халықаралық шартқа қосылудың маңыздылығы мен қажеттілігі бұл Еуропалық Одақтың ди-рек-ти-ва-сына сәйкес BEPS жобасының барлық қатысушылары үшін міндетті шарт болып табылады. 

Анықтама:Көпжақты конвенция Париж қаласында 2016 жылы 24 қарашада қабылданды

Аталған конвенция барлық екіжақты салықтық конвенцияларға салық салудан жалтаруға қарсы іс-қимылға бағытталған өзгерістер енгізеді.

Сондай-ақ Көпжақты конвенцияның мәні тек екі тарапы да Көпжақты конвенцияға қосылған екі жақты салықтық конвенциялар ғана болады.

Заң жобасында ауқымды мәселелер топтамасын реттеу қарастырылған, солардың негізгі өзгерістерінің бірі  салықтан жалтыруға жол бермей ашықтықты және де көлеңкелі экономиканы қысқартуды қамтамасыз ету болып табылады.

Заң жобаcын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.

Заң жобасы оны әзірлеушілердің қатысуымен жұмыс тобының отырысында қаралып, туындаған бірқатар сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар алдық.

Заң жобасы бойынша Комитет мүшелерінен ескертпелер түскен жоқ.

Құрметті әріптестер!

Аталған заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын және бас комитетке өзгертулерсіз жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рахмет!

Поделиться