Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Выступление депутата Сената Парламента РК Абдикерова Рыскали Калиакпаровича вопросам на Заседание Сената Парламента РК при рассмотрении о проекте Закона Республики Казахстан «О статусе педагога», одобренном Мажилисом Парламента Республики Казахстан

26.12.2019 0

РАХМЕТ!

 

ҚҰРМЕТТІ ДАРИҒА НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ!

 

 

Құрметті Асхат Қанатұлы!

 

Бүгінде ауыл мұғалімдерін мазалайтын мәселенің бірі – ол мұғалімдерге берілетін әлеуметтік кепілдіктер екені жасырын емес.

 Дегенмен, аталған заң жобасында (12 бабында) Әлеуметтік кепілдіктер жергілікті өк-іл-ді ор-ган-дар бекіткен тәртіппен жергілікті бюджет қаражаты есебінен көр-се-тіл-ет-ін-дігі айқындалған. Бұрын да солай болған.

Бұл дегеніміз коммуналдық шығындарды өтеу «қалдық» приципі негізінде төленеді деген сөз.

Статистикалық деректерге суйенсек, (білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ақпаратына сәйкес) көмір сатып алу үшін өтемақы мөлшері, әр аймақта әртүрлі. Биылғы жылы Солтүстік Қазақстан облысының мұғ-алім-дер-іне бар болғаны жылына 1300 теңге қарастырылса, Қарағанды облысында 5,0 мың теңге, ал Көкшетау облысының қала маңындағы ауылдарында 34 000 теңгені құрап отыр. 

 

 

Мысалы, салыстырмалы түрде алар болсақ,     2020 жылдан бастап көршілес Ресейде тек ауылдық елді мекенге жұмысқа жолдамамен баратын мұғалімдердің өзіне 5 миллион теңгеге жуық көтерме ақысы төленгелі отыр.

Осыған орай сұрақ?

Бірінші Жалпы мұғалімдердің коммуналдық шығындарының өлшемшарт мөлшері қандай?

Екінші Мұғалімдердің коммуналдық мәселерін шешуді жергілікті бюджет деңгейінен облыстық немесе республикалық бюджет деңгейіне ауыстыруды Заң жобасында қар-ас-тыр-уға болмады ма? Сондай-ақ педагогтардың әлеуметтік кепілдіктері мен жеңілдіктерін іске асырудың қолайлы механизмдері қар-ас-тыр-ыл-ған ба?

 

Рахмет!

Поделиться