Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Выступление на заседании Сената в поддержку проекта Закона РК «О ратификации Конвенции о борьбе с незаконным захватом воздушных судов и Протокола, дополняющего Конвенцию о борьбе с незаконным захватом воздушных судов»

26.11.2018 0

 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Азаматтық авиацияның серпінді дамуы және халықаралық әуе жолдарын барған сайын барынша қарқынды пайдалану - халықаралық әуе қатынастарының маңызын бірнеше есе арттыратыны сөзсіз.

Өз кезегінде, Азаматтық авиацияға қарсы бағытталған террористік актілер азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне ғана емес, бүкіл әлемдегі саяси және экономикалык тұрақтылыққа да елеулі қатер төндіруін жалғастырып отырғанын атап өту қажет.

Оған мысал ретінде 2001 жылғы                      11 кыркүйектегі АҚШ-тағы террористік акті; 2004 жылғы 24 тамызда Ресейде әуеде бір мезгілде болған екі жолаушылар ұшағының қатар жарылысын айтуға болады.

Осы тұста, қаралып отырған Хаттама қатысушылардан ұшу қауіпсіздігіне жаңадан туындап отырған бірқатар қауіп-қатерлермен  күресуге, жолаушыларды қорғау деңгейін көтеруге, жалпы азаматтық авиация қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталатынын атап өту қажет.

Сонымен қатар, Конвенция ережелерін қабылдау Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің терроризмге қарсы іс-қимыл талаптарын сақтауға, азаматтық авиацияның ұшу қауіп­сіздігінің қауіп-қатерлеріне қарсы тиісті түрде әрекет етуге, сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіз­дігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның әуе кемелерін заңсыз басып алудың жолын кесу мәселелері бойынша басқа мемлекеттермен ынтымақтасуы және осы бағыттағы заңнаманы дамыту, халықаралық ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға ықпал етіп, республиканың транзиттік-көліктік әлеуетіне оңынан әсер ететіні сөзсіз.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде аталған заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.

Назарларыңызға рақмет!



 

 

Поделиться