Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Выступил с докладом по проекту закона «О ратификации Протоколу о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан о международном автомобильном сообщении от 20 марта 2006 года»

12.10.2017 0

 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздердің назарларыңызға «2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы ұсынылып отыр.

Аталған Хаттама 2017 жылғы 23 наурызда Астана қаласында Өзбекстан Президенті Ш. Мирзиеевтің ресми сапары барысында жасалынды.

Заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру үшін құқықтық негіз жасау, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтіп, іскерлік байланыстарды тереңдету болып табылады.

Осы Хаттама «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңының 11 бабының 2) тармағына,                                 27 –бабының 4-тармағына сәйкес ратификациялануға жатады.

Заң жобасын қабылдау теріс салдарларға әкеп соқпайды, мемлекеттік бюджетен қаражат жұмсауды қажет етпейді.

Хаттаманың ережелері Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің нормаларына қайшы келетін нормаларды қамтымайды.

Заң жобасы жұмыс тобының отырысында Инвестициялар және даму, сыртқы істер, қаржы министрліктерінің және  Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің өкілдерінің қатысуымен жан-жақты талқыланды.

Заң жобасы бойынша Сенаттың депутаттарынан және тұрақты комитеттерінен ұсыныстар мен ескертпелер келіп түскен жоқ.

Баяндағанды ескере отырып  Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті аталған Заң жобаны қабылдауды ұсынады.                      

 Қолдауларыңызды сұраймын!!

 

 

 

 

 

Поделиться