Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Выступление на заседании Сената в поддержку проекта Закона Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Азербайджанской Республики о международном автомобильном сообщении»

25.01.2018 0

 

Құрметі Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті әріптестер!

 

         «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын өз тарапымнан толығымен қолдаймын.

Жолаушыларды немесе жүктерді автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдауда қолайлы жағдай қалыптастыру әлем мемлекеттерінің халықаралық ынтымақтастықта қажеті және маңызды қадамдарының бірі болып табылады.

Қаралып отырған келісім халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы  ынтымақтастықты дамыту және автомобиль тасымалдары үдерісін оңайлату үшін халықарлық-құқықтық негіз жасайды. Келісім халықаралық автомобиль қатынасында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың, Қазақстан мен Әзірбайжанның аумақтары арқылы транзиттің, сондай-ақ олардың аумақтарында тіркелген көлік құралдарымен үшінші елдерге тасымалдаудың тәртібі мен қағидасын реттейді. Бұл өз кезегінде екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығына игі әсер етеді.

Осы Келісімді қабылдаудың Қазақстан үшін көбіне-көп қолайлы болатынына атап өтпеуге болмайды. Келісімді белгіленетін тасымалдау тәртібі қазақстандық автомобильмен тасымалдаушылардың қызметін жандандыруға мүмкіндік береді, Қазақстанда осы саланы дамытуға оң әсер етеді, мұны мысалы, автомобиль тасымалдары темір жол тасымалдарына тиімді балама болып табылатын Еуропа елдерінен көруге болады.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы 2016 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 124 миллион АҚШ долларынан асқан, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға көп. Келісімді ратификациялау арқылы осы сандық көрсеткішті одан әрі өсуіне оң ықпалын тигізетіні анық.

Бүгінгі уақытта Қазақстан халықаралық автомобиль қатынасы туралы шамамен 41 келісім жасасты, олар негізінен Орталық Азия және Еуроодақ елдерімен жасалған.

Аталмыш Келісімді ратификациялау ел Президенті айқындаған міндеттерді шешуді және көлік дәліздерін кеңейту саясатын одан әрі жалғастырады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, әріптестерімді осы заң жобасын қолдауға шақырамын.

Назарларыңызға рахмет!

Поделиться