Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О государственном аудите и финансовом контроле

13.12.2017 0

Құрметті Бірғаным Сарықызы!

Қадірлі әріптестер!

 

Комитет отырысына қарауға ұсынылған Қазақстан Республикасы Заң жобасы жөнінде баяндамашы толық мәлімет беріп өтті.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасымен мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленген.

Онда экономиканың кейбір салаларын дамытудағы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін бағалау негізінде мемлекетт қаражаты мен активтерін пайдалану мен басқарудың тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал ететін құқықтық тетіктері жақсартылған. Сонымен қатар, аудиторлардың жауаптылығы күшейтіліп, ұсынымдар институты енгізілуде. Бұлар мемлекеттік аудиторларды кәсибилендірудің келесі кезеңі болып табылады.

Тұтас алғанда, заң жобасы Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына және қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес келеді. Заң жобасын қабылдау және іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді, сондай-ақ теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Осыған орай қадірлі әріптестер, жоғарыда айтылғанның негізінде Заң жобасын қолдап, бас комитетке өзгеріссіз жіберуді ұсынамын.

 

Назарларыңызға рахмет!

Поделиться