Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

«1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарастыру жөніндегі комитеттің отырысына қатысып, қосымша баяндама жасады

19.11.2019 0

БАЯНДАМА

Құрметті төраға, құрметті әріптестер, шақырылғандар!

Заң жобасы туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі толық баяндап берді.

Қарастылылып отырған Заң жобасы Қазақстан мен Ресей Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялауды көздейді.

Хаттама «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартының 2 Қосымшасына өзгерістер енгізуге бағытталған.

Аталған Хаттама Ресей Федерациясының жалға алған жерінен 11,6 мың гектар жер телімдерін қайтаруды қамтамасыз етеді.

Оның ішінде 1740 гектар жер учаскесі Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Төретам кентін кеңейту үшін және 9950 гектар жер учаскесі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін, Алматы-Мәскеу темір жолын салу үшін және «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының желілік бөлігі үшін жалдаудан шығарылады.

Құрметті әріптестер, осылардың негізінде қаралып отырған заң жобасын ескертпелер мен ұсыныстарсыз Бас Комитетке жіберулеріңізді сұраймын.

Назарларыңызға рақмет!

Поделиться