Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

11 апреля 2019 года на заседаний Сената выступил с докладом по законопроекту О ратификации Рамочного соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о предоставлении Китайской Народной Республикой льготного кредита».

11.04.2019 0

                                                       

         «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық  Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасының  жеңілдікті  кредит  беруі  туралы  негіздемелік келісімді ратификациялау туралы»   Қазақстан Республикасы Заңының жобасына  БАЯНДАМА

Құрметті  Дариға Нұрсұлтанқызы !  Құрметті әріптестер!

Мемлекетіміздің негізгі экономикалық саясатының бірі транзиттік қатынасты дамыту. Ол үшін жан-жағымыздағы көрші мемлекеттер арасында шекаралық қатынасты әлемдік стандарттарға көтермей қол жеткізу мүмкін емес.

Осыған орай, Қазақстан өткізу пункттерін халықаралық деңгейге  және талаптарға сәйкес жайластыру және жарақтандыру мақсатында  аталған заң жобасы әзірленді.

Заң жобасы, шекарада кедендік бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға,  өткізу пункттерінің  қабілетін, көлік тіркеу  құралдарының санын арттыру үшін заманауи технологияларды енгізуді көздейді.

Қазақстан Үкіметі мен Қытай елінің Үкіметі кредиттік келісімнің іске асырылу барысын уақытылы тексеріп отырады және туындаған мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу қарастырылған.

Екі ел арасындағы достық қатынастарды және техникалық-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында әзірленген осы Келісім  Қазақстанның, Орта Азия елдерімен экономикалық, транзиттік, әлеуметтік қатынастардың жаңа деңгейге өсуіне себеп болады.

Заң жобасы жұмыс тобының және бас комитеттің отырыстарында жан-жақты қаралды.

Сенаттың барлық комитеттері заң жобасы бойынша өздерінің оң қорытындыларын берді.

Баяндалғанды ескере келе, Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасын қабылдауды ұсынады.

    

            Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

Поделиться