Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚАМАЛДЫ БІЛІМІНЕ СЕНГЕНДЕР ҒАНА АЛАДЫ

08.01.2020 0

ҚАМАЛДЫ БІЛІМІНЕ СЕНГЕНДЕР ҒАНА АЛАДЫ

  • 2019.08.01 11:26
  •  
  • 78
  •  
  • 0

Альвира ПАЙЫСХАН, «Ońtústik Qazaqstan».

Шымкент қаласындағы «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова белсенді жастармен кездесті. Кездесу Жастар жылы аясында өткізілді.

Басқосуда сенаторлар көпшілікке Парламентте атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айта отырып, жастармен ашық-жарқын әңгімелесті.

Сенаттың VI шақырылымдағы құрамы шілде айында демалысқа шыққаны белгілі. Үшінші мегаполистен сайланған халық қалаулылары ең бірінші жастармен кездесуді жоспарлапты.

– Жастар жылы аясында түрлі бағдарламалар түзіліп, қаншама жұмыстар атқарылуда. Жастардың тұрғын үй мәселесі, білім алуы, жұмысқа тұруы, бизнес саласындағы жетістікке жетуі және өзге де шешімін таппаған мәселелер біртіндеп шешілуде. Бүгінгі жас ғылым мен еңбекті ұштастырғанда ғана кез келген қамалды бағындыра алатынын түсінулері қажет, – деді Нұрлан Құдиярұлы.

Еркін пікір алмасу форматында өткен жиын барысында депутаттар Сенатта қаралып, қабылданып жатқан заңнамалар жайын сөз етті. Сенатор Айгүл Қапбарова атаулы әлеуметтік көмек жөнінде біраз ой айтты.

– Бұл АӘК әлемдік тәжірибе бойынша зерттеліп, қабылданған. Сіз қиналғанда демеп жіберу үшін беріледі. Оны өмір бойына беріледі деп ойламау керек. Жастар «пессимистік» ойдан арылу керек. Білім алып, еңбек етуі керек, – деді Айгүл Жарылқасынқызы.

Сондай-ақ, кездесуде «Еріктілер» лигасының жастары өздерінің мәселелеріне тоқталып, депутаттарға ұсыныс-өтініштерін жолдады.

 

http://okg.kz/article/?id=17816&alias=qamaldy-bilimine-sengender-gana-alady

Поделиться