Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Статья "Жазықсыз атылған жандар" в газете "Егемен Қазақстан" 31 мая 2021 г.

31.05.2021 0

Ко дню Дню памяти жертв политических репрессий и голода опубликована статья «Жазықсыз атылған жандар» в газете «Егемен Қазақстан» №7, 31.05.2021 г.

https://egemen.kz/article/276427-zhazyqsyz-atylghan-dgandar

Полный текст статьи:

Жазықсыз атылған жандар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың
24 қарашасында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау ж­ніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл комиссияның басты міндеті – кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санатына қатысты тарихи әділеттілікті толық қалпына келтіру.

1937 жылы 28 желтоқсанда Орталық Комитет «жауапқа тартылғандардың балалары мен туыстарын оқудан шығару туралы» шешім қабылдап, сан мыңдаған жазықсыз балалардың тағдырын ойыншыққа айналдырды. Қаулының орындалу барысын сот-тергеу органдары қатаң бақылап отырған. Нəтижесінде, балаға тəн көңілмен айтылған жеке пікірлер мен болмашы істерге саяси мəн беріліп, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Мəселен, Алматы қаласындағы мектептер мен техникумдардағы саяси тəрбие мен қоғамдық жұмыстардың кемшіліктері туралы жасалған баяндамада (ІІХК тарапынан əзірленген) оқушылардың «кеңестерге қарсы» істері тізілген.

Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың нақты санын айту да өте қиын. Репрессиялық бағдарламаның негізі Сталиннің нақты «халық жауларын» табу арқылы социалистік қоғамды нығайту үшін таптық күресті күшейту қағидасына сүйенеді. Халық жауларын «партия мен халыққа бөтен элементтер» арасынан іздеу көзделеді. Мұндай «бөгде элементтер» ең алдымен, партияның өз ішінен, зиялылар қатарынан, елдің «басқаша ойлайтын» азаматтары арасынан іздес іріледі. Аяусыз жазалау əдістерін қолдану арқылы «қылмыскерлер» саны күрт артқан. Бұл жағдайды биліктегілер халыққа «тап күресі саясатының жемісті» болуы деп «ұғындырған». Сот процестері А. Вышинскийдің «дəлелдердің ханшасы» (царица доказательств) теориясының нəтижесінде «жемісті» болған. Əсіресе 1937-1938 жылдары «конвейер» жүйесі мен тергеу ісі ІІХК органдарының басты тірегі болды. Осы мəселені саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар өз естеліктерінде жиі жазады. Бекболат Мұстафин басынан кешкен саяси қуғын-сүргінде айта келе «...түрмеге алып келген соң құжаттарымды лақтырып, табанға тастады. «Сен жапонның шпионысың» деп ұрады. Итше тепкілейді. Ешкімді ешнəрсеге сендіре алмайсың. Күн сайынғы көретін азап осындай. Олар мені үнемі тік тұрғызып қояды. Ұйқы жоқ, тергеу амалдарының бəрі осындай болады екен ғой. Бірақ мен бəріне төздім, ешқандай құжатқа қол қоймадым...», деп жазады.

Сол жылдары 100 мыңға жуық қазақстандық қуғын-сүргін көрді деген деректер кездеседі. Оның ішінде 70 мыңға жуық көзі ашық, зиялы қауым атылып кеткен. Сол 70 мыңға жуық атылғандардың арасында меркілік қайраткерлер Ысқақ Əсімов, Айдархан Сабетов, Созақбай Қосбармақов та болған. Бұлар да сталиндік саяси террордың жазықсыз құрбандары.

Ысқақ Əсімов 1900 жылы (бір деректерде 1898 жыл деп жазылған – автор) Меркі ауданының Ақтоған ауылында дүниеге келген. Ол – жастардың революциялық одағын құруға белсене атсалысқан қайраткерлердің бірі. Бұл туралы жазушы Мақұлбек Рысдəулет өзінің «Тағылымды Меркі» атты кітабында: «Одаққа мүше болғандар: Қабылбек Сарымолдаев, Мақсұт Жылысбаев, Тороқұл Жанұзақов, Иван Андреев, Кенебай Бармақов, Ысқақ Əсімов, Əшімжан жəне Үсіпəлі Нұршановтар, Қалыш Қожабергенов, Əбдіразақ Каденов, Сəдуақас Жамансартов, Жақаш Мамыров, Рахманқұл Орынтаев, Əбен Əсілов, Үсіп Сатыбалдинев, Тұрдалы Тоқбаев, Сыдық Абланов, Жүзбай Мыңбаев, Қарымбай Қошмамбетов, Əлімқұл Жұмағұлов, Қожомұрат Сарықұлов жəне тағы басқалар» деп мысал келтірген.

Тұрар Рысқұлов, Қабылбек, Мақсұт бастаған азаматтардың жанында жүрді. Одақ мүшелерімен бірге оның аштарды тамақтандыру орындарының қорын толықтыруға белсене қатысты. Орыс, өзбек байларымен сөйлесіп, олардың да аштарға көмектесуіне ықпал жасады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Меркі өңірінің революциялық комитетінің төрағасы, милиция бастығы, одан кейін Əулиеата уездік атқару комитетінің комиссары болған. 1922 жылдан 1932 жылға дейінгі аралықта Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам жəне Сарыағаш аудандық партия комитеттерінің хатшысы қызметтерін атқарды. Мəскеуде марксизм-ленинизм жоғарғы партия мектебін бітірген соң Қостанай облысында МТСтың саяси бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Қайда, қашан қызмет етсе де, ол білімділігімен, іскерлігімен көзге түсті. 1937 жылы 14 тамызда «халық жауы» ретінде ұсталған сəтте Ысқақ Сəбетұлы Жуалы аудандық советі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарып жүрген болатын. 1938 жылдың 20 ақпанда ату жазасына кесілді. Үкім сол күні Шымкент қаласының маңында орындалды. Қазір бұл жерде үлкен «Қасірет» атты тарихи мемориал бар.

Ысқақ Əсімов туралы деректер Шырын Мамасерікованың «Өлеңімнің əр жолы – өмірбаян» атты кітабында да айтылады. Ақын көрнекті қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың зайыбы Əзизамен көзі тірісінде сұхбаттасқан екен. Сол сұхбатында қайраткердің жары өткен өмір жолы туралы баяндайды. Онда: «Ол бір бақытты кезең еді-ау, шіркін?! Бірде үйге қонаққа келген Əлпия мен Күлпетай (Ы.Əсімовтің əйелі, ол кезде Ысқақ ағаң ВКП (б) Орталық Комитетінің жанындағы екі жылдық курста оқитын) маған:

- Əзиза, сен қандай бақыттысың?! Білімдісің əрі əдемісің. Киген киімің, қиылған қысқа шашың қандай жарасады! Біздің де шашымызды кесіп, сəндеп берші, ауылға мақтанып барайық, жұрт қызықсын, – дегені. Ойымда түк жоқ, «жарайды» деп, құрбыларымның шашын қырқып, сəндеп берген ем, осы қылығым үшін ағаң қатты ұрысқан, – деді жеңешем.

– Ойпырмай, аға, сізге ұрысты ма? – дедім мен сенбей.

– Тұрардың Меркіде пір санап, аға тұтқан екі адамы болғанын білетінмін. Бірі 1916 жылғы Меркідегі ұлт-азаттық көтерілістің белді сарбазы Қарабала Əсімов (Ысқақтың ағасы) еді. Ақкөз батыр сол көтерілістің құрбаны болса, Қарабала Əсімов 97 жасқа дейін Дəмелі келінінің қолында құмыраға қымыз ашытып, қазақ үйде түйе мен жылқы ұстап, ғұмыр кешті. Жас шағында ағайынды Қарабала мен Ысқақ төкпе ақын, қызыл тілдің ділмəрі атаныпты. Күлпетай 18 жасында Ысқақпен тойда танысыпты» деп жазады.

Ысқақ та ағасы Қарабала да өлеңнен қара жаяу емес, ақын болған екен. Ол інісі Ысқақ үйленгенде:

 Шудың асау өзені Кербұлағы,

Жер жəннаты Жайсаң ғой – ер тұрағы.

Ысқақпенен Айнақұл жар қылады,

Ғашық жардың құшағы пейішке тең,

Жоқтан құрап жақсы əйел бар қылады, – деп құдаларына жыр арнаған екен. Құдалары Қоңыр, құдағиы Тоқаш Шудағы ең дəулеті төрелер болған көрінеді.

Қарабала Əсімовке Əліби Жангелдин де құрметпен қараған. «Бірде үйге келген Ə. Жангелдинге тамақ үстінде Тұрар Қарабала Əсімов туралы ұзақ əңгімелеген. Оның 1890, 1900, 1910-1913 жылдары Меркідегі орыс шенеуніктерінің əскерге ат жинау науқаны, жер бөлу т.б. мəселелерде заңсыз əрекеттерін əшкерелеп, ұрыскеріс ұйымдастырғаны үшін Əулиеата, Сібір түрмелерінде үш рет қамалып шыққанын, 1916 жылғы көтеріліске басшылық еткендердің бірі болғанын, коллективтендіру кезінде көптеген қызмет атқарғанын,
 1921 жылы партияның Мəскеудегі Х съезіне делегат болғанын тілге тиек етіп, Қ. Əсімовке дербес пенсия тағайындауға жəрдем беруін өтінген болатын» деп жазады Шырын Мамасерікова.

Ысқақ атамыз ұсталғанда Күлпетай анамыз үш баласымен (Рымжан – 9 жаста, Рақымжан – 6 жаста, Сабыржан 3 жаста) қалыпты. Ол кісі Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратас аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарып жүрген шағында «халық жауы» болып ұсталып, əйелі «жаудың жары» атанып, аңырап қалған екен. Күлпетай хат танымайтын адам болыпты. «Күйеуіңді босатамыз, мына жерге бармағыңды бас десе, баса берген көрінеді. Оның барлығы Ысқақты торға түсіруге бағытталған қулық, зұлымдық екенін аңғармапты. Шымкентте күйеуімен беттестіріп жолықтырғанда, Ысқақ: «Сені кінəлай алмаймын, сауатың жоқ, оқытуым керек еді... Неге қол қойғаныңды бəрібір түсініп, сезініп отырған жоқсың... Енді ең болмаса, балаларды оқытып, өзің жұмыс істе», деген екен.

Мұндай азапты тағдырды Айдархан Сəбетов те бастан кешкен. Ол 1898 жылы өмірге келген, өте сауатты азамат болыпты. Қазақдихан ауылының төрағасы болып жүргенінде 1937 жылы 22 желтоқсанда Меркінің НКВД-сі «халық жауы» деп ұстап, 1938 жылы 8 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының НКВД-сі ату жазасына кескен. Айдархан бабамыз туралы деректер өте аз. Ол кісінің қалай атылғаны, тергеу амалдары, айып таққан, үкім кескен құжаттары туралы деректер тек құпия архивте сақталуы мүмкін...

Созақбай Қосбармақов – 1897 жылы дүниеге келген. 1937 жылдың 4 шілдесінде тұтқынға алынған. 1937 жылдың 1 қазанын да ату жазасына кесілген. Ашық дерек көздерде Созақбай Қосбармақов туралы мəліметтер кездеспейді. «Архив ісі – ЛЦ00001744» делінген.

Мемлекет басшысының «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығы зұлмат жылдардағы ақтаңдақтарды зерттеуге үлкен мүмкіндік туғызып отыр.

 

Сұлтанбек Мәкежанов,

сенатор

Поделиться