Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Сенат Парламента
Республики Казахстан

Новости

Ко Дню Конституции РК опубликована статья «Мемлекеттілігіміздің темірқазық бағдары» в газете «Егемен Қазақстан», 1.09.2021 г.

01.09.2021 0

Ко Дню Конституции РК опубликована статья «Мемлекеттілігіміздің темірқазық бағдары» в газете «Егемен Қазақстан», 1.09.2021 г.

https://egemen.kz/article/287109-memlekettiligimizdinh-temirqazyq-baghdary

Полный текст статьи:

Мемлекеттілігіміздің темірқазық бағдары

Қазақстан өзінің демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екенін Ата Заңы арқылы бүкіл әлемге танытты. Қазақстан Республикасының Конституциясы егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан заңнамалық құжат болды. Бұл Заңның қабылдануы конституциялық құрылыстың саяси-құқықтық негізін қалады. Әрбір қазақстандық азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі. Тұңғыш рет бүкілхалықтық талқылауға салынғанда, елдің көптеген пікірі ескерілген Негізгі Заң да осы 1995 жылы қабылданған Конституция. Қазір келтіріп жүрген мәліметтерге сүйенсек, құжатты талқылауға 3 млн 345 мың адам қатысыпты.

«Сол бір қиын-қыстау жылдарды еске алғанда, елімізді күрделі əлеуметтік катаклизмдерге соқтырмай, аман сақтап, əлемдік қоғамдастықтың тең құқықты мүшесі ретіндегі осы заманғы мемлекет құру үшін не керектің бəрін істегеніме, мемлекетті құруға қызмет жасағаныма сенімдімін», деп жазды Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Соңғы екі жыл елімізге оңай тиген жоқ. Əлемді жайлаған пандемия Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Ата Заңды орындау арқылы мемлекет медициналық қызметті жəне білім беруді жақсарту, жаппай тұрғын үй құрылысы, жалақы жəне түрлі əлеуметтік төлемдер мөлшерін көбейту, азаматтарға жəне отандық кəсіпкерлерге салықты азайту сияқты əлеуметтік мəселелердің түйінін шешуге тырысып жатыр. Өңірлерде жұмыссыздар санын азайту үшін жаңа жұмыс орындарын көптеп ашу керек. Азаматтардың білім алудағы конституциялық құқығын қамтамасыз ету мақсатында техникалық жəне еңбек қызметін көрсететін кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтқан жөн. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге өз өнімдерін қайта өңдеу үшін мақсатты несиелер беру тетігін қалыптастыру керек.

Конституциямыз бойынша əлеуметтік мемлекет қағидатына негізделген əлеуметтік саясат – азаматтардың əлеуметтік құқықтарына кепілдік беретін жəне қорғайтын мемлекеттің конституциялық міндеті. Осы арқылы азаматтардың əділеттілік негізіндегі құқықтары сақталып, материалдық құндылықтары қамтамасыз етіледі. Мемлекет үшін адамға деген қамқорлықтан, оның материалдық əл-ауқатын арттырудан басқа маңызды ештеңе жоқ, сондықтан да мемлекет адамдардың лайықты өмір сүруі үшін бəрін жасауға міндетті.

Сенат Төрағасы Мəулен Əшімбаев Сенаттың сессиянын қорытындылаған соңғы отырысында Мемлекет басшысының елімізді жаңғырту бағдарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті. Төрағаның мəлімдеуіне сəйкес Парламент 63 заң қабылдады. Олардың ішінде 15 заңға депутаттық корпус бастамашылық жасады. Палатаның қарауына түскен əр заң жобасы жан-жақты қаралып, тұрақты комитеттер мен жалпы отырыстарда кеңінен талқыланды. Азаматтар мен сарапшылар қоғамдастығының ұсыныстары да назардан тыс қалмады.

Осы орайда Президенттің бастамашы болуымен қабылданған жерді шетелдіктерге сатуға жəне жалға беруге тыйым салған заңды ерекше атап өткен жөн. Осылайша, бұл мəселе түбегейлі шешілді. Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша да шаралар қабылданды. Ауыл халқының өзекті мəселелерін тиімді шешу үшін жергілікті билік органдарына қосымша функциялар мен өкілеттіктер берілді.

Сенат депутаттары экономикалық өсімді қалпына келтіруге, індеттің таралуына тосқауыл қоюға, шағын жəне орта бизнесті қолдауға көп көңіл бөлді.

«Бұл өзгерістердің түпкі мақсаты – азаматтарымыздың əл-ауқатын арттыру екені сөзсіз. Ашықтықты арттыру үшін квазимемлекеттік сектордың сатып алуы алғаш рет заңмен регламенттелді. Сот-құқық қорғау саласында қабылданған заңнамалық өзгерістердің ауқымды бөлігі азаматтар құқықтарының қорғалуына, кəсіпкерлерді заңсыз араласудан қорғауға бағытталды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін ұлттық заңнамада алғаш рет «Əлеуметтік кəсіпкерлік» ұғымына анықтама берілді. Мемлекет тарапынан осы бағытты қолдаудың нақты шаралары мен тетіктері белгіленді. Бұл маңызды заң жобасын сенаторлар қысқа мерзімде Үкіметпен жəне əлеуметтік кəсіпкерлермен бірлесіп дайындады», деді Сенат Төрағасы.

Биылғы тағы бір ерекшелік – еліміздің «Сайлау туралы» Конституциялық заңына түзетулер енгізілгені. Онда Президенттің ұсынысы бойынша саяси партиялардың Мəжіліске өту шегі 7 ден 5 пайызға дейін төмендетілді. Сайлауда берілетін барлық деңгейдегі бюллетеньдерге «бəріне қарсымын» деген жаңа баған енгізілді. Тағы бір ерекшелігі – ауылдың жəне ауылдық округтердің əкімдерін тікелей сайлауды қамтамасыз ететін нормалар қосылды. Бұның нəтижесі ауыл əкімдерін сайлау кезінде көрініс тапты деп айтуға болады.

Сонымен қатар, «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға тиісті түзетулер енгізіліп, əлеуметтік қолдау, денсаулық, білім, шағын жəне орта бизнес, еңбекпен қамту салаларына, инфрақұрылым, басқа да маңызды бағыттарды дамытуға қосымша қаражат бөлінді. Мысалы, əлеуметтік саланы нығайтуға 347 млрд теңге қаралса, 140 млрд теңге қаржы республикалық жəне жергілікті жолдарды жөндеуге, қайта қалпына келтіруге бағытталды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 100 млрд-қа жуық теңге, ал «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыруға 70 млрд теңге ақша бөлінді. Елді жаулаған індетке қарсы күреске байланысты бюджеттен 265 млрд теңге қаражат қарастырылды.

Конституцияны басшылыққа ала отырып тəуелсіздігімізбен мемлекеттігімізді нығайту жолында ғасырлық мəні бар ауқымды істер атқарылып келеді. Бұл орайда Алматы қаласының да рөлін атап өткен жөн. Мұнда ел тағдыры үшін маңызды шешімдер қабылданды.

Ел экономикасының 20 пайызы Алматыға тиесілі, ширек ғасыр ішінде қала экономикасы 100 есе, шағын жəне орта бизнес өнімінің көлемі 130 есе өсті. Қала аумағы мен оның тұрғын үй қоры 2 есе ұлғайды. Бүгінде шетелдік туристің əрбір екіншісі Алматыға келеді. Жақында ғана халық саны 2 миллионнан асты. Тұрақсыз экономикалық жағдайға қарамастан, мегаполис бизнес-бастамалар үшін келешегі мол инвестициялық алаң болып қала беретініне сенімдіміз.

Алматы «Шетсіз қала» қағидаты бойынша дамиды. Мұндай бағдарламалық міндетті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойып отыр. Ең өзекті мəселе – қаланың тарихи орталығы мен мегаполиске қосылған аудандарын, яғни Жаңа Алматы қаласын дамытудағы теңгерімсіздіктерді жою. Соңғы 10 жылда қала аумағы 2 еседен артық үлкейді. Осыған орай, жаңа ауданды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттілігі де күрт өсті. Сондықтан қала басшылығы өмір сүру сапасын жақсарту жəне шаһардың шет аумақтарын дамытуға басымдық беріп келеді. Осыған орай, қала əкімі Бақытжан Сағынтаев ұсынған «Алматы-2050» даму стратегиясы тұрғындардың қызу талқылауынан соң 2019 жылғы желтоқсанда қабылданды. Қаланың алдағы 30 жыл ішіндегі даму жоспары тəптіштеп жазылған стратегия іске аса бастады.

Алайда былтыр басталған коронавирус пандемиясы дүние жүзі елдерінің бəрін қамтып, адамзатқа үлкен қауіп төндіріп тұр. Аса қатерлі індетті халықтың жаппай жұқтырмауын қадағалау, өлім-жітімнің алдын алу, пандемия жағдайына бейімделіп, қала тіршілігін тоқтатпау басты міндетке айналды. Мегаполистің жұмыс жүйесі мен басқару тетіктері қайта қаралды. Ең алдымен, бюджет саясаты қайта құрылды. Барлық мəдени, ойын-сауық іс-шараларына жоспарланған шығындар азайтылды. Үнемделген 108,4 млрд теңге коронавируспен күресуге бағытталды. Осы қаражаттың көмегімен жаңа ауруханалар салынып, дəрі-дəрмек пен азықтүліктің стратегиялық қорлары құрылды, халықтың əлеуметтік осал топтарына, пандемиямен күресте алдыңғы шепте тұрған медицина қызметкерлеріне материалдық қолдау көрсетілді.

Пандемия бізге қауіпсіздік шараларын мықтап ұстануды, сақ болуды, жаңа толқынға дайын болуды үйретті. Бұл кезең адамдарды жақындастырып, құндылықтарды қайта зерделетіп, жақынымызға жанашыр, қамқор болуға шақырды. Қазіргі қалыптасқан жағдайда адамдар дəрігер мен ұстаздың, полиция мен əскери қызметшінің еңбегін бағалай бастады. Біз үшін еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігі басты орында. Ұлт саулығын да ойлау маңызды.

Елдің елдігі, мемлекеттіліктің темірқазық бағдары айқындалған Ата Заңымызды ардақтау – əрбір қазақстандықтың абзал борышы. Қазақстан Конституциясы уақыт сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дəлелдеді. Ал көптеген зерттеушілердің пікірінше, Негізгі Заңымыз əлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дəріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата Заңымыздың үлкен əлеуетін білдірсе керек.

Сұлтанбек МӘКЕЖАНОВ,

Парламент Сенатының депутаты


Поделиться