Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Сенат Парламента
Республики Казахстан

Новости

(Головной проект Закона) Содоклад С. Макежанова на заседание Сената по проекту Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования гражданского процессуального законодательства и развития институтов внесудебного и досудебного урегулирования споров" (2-чтение)

09.12.2021 0

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Сенаттың отырысына С. Макежановтың қосымша баяндамасы 2-оқылым

 

Құрметті Төраға!

Құрметті әріптестер!

 

 

Мемлекет Басшысы елімізде дау-дамайды шешудің баламалық тәсілдерін дамыту қажеттігін баса айтып, медиацияны дамытуды тапсырған болатын.

Парламент депутаттарының бастамасымен дайындалған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы медиация институтын дамытып және дауларды реттеу кезінде азаматтарға көмек көрсету мақсатында әзірленді.

Заң жобасы, дауларды шешудің соттан тыс тәртібін дамытуға, оның ішінде татуластыру рәсімдерін жан-жақты қолдану аясын кеңейтуге бағытталған.

Заң жобасындағы түзетулер, медиацияның жүргізу тәртібі мен тәсілін жетілдіруге, медиация тараптарыньң құқықтары мен міндеттерін нақтылайды. Оған қосымша, Заң жобасы медиация туралы шарттың нысаны мен мазмұнына, сондай-ақ медиаторлар ұйымының функцияларын айқындайды.

Тұтастай алғанда Заң жобасын қабылдау бітімгершілік рәсімдері мен медиацияны қолдану аясын кеңейтеді. Бұл азаматтардың сот шығындарын оңтайландыруға, дауларды соттан тыс реттеу институтына деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.

Заң жобасы бойынша Сенаттың тұрақты комитеттері оң қорытындыларын берді. Ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ.

Құрметті әріптестер!

Заң жобасын қарау барысында, белсенділік танытқан барлық әріптестерімізге және аппарат қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау комитеті, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 4-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, қабылдау туралы ұсыныс енгіземін.  

Назарларыңызға Рақмет! 

Поделиться