Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

(Неголовной законопроект) Содоклад Макежанова С.А. по проекту закона РК «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам восстановления экономического роста»

08.12.2020 0

2020 жылғы 8 желтоқсан, сағ. 15-00, БКБ

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобаcы бойынша Комитет отырысына Мәкежановтың сөзі

 

Құрметті Владимир Васильевич!

Құрметті әріптестер!

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын сақтап қалуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі 2020 жылға арналған кешенді жоспарды іске асыру үшін әзірленді.

Заң жобасын қабылдау қажеттігі 2020 жылғы 11 мамырдағы Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комиссияның отырысында Мемлекет басшысы алға қойған басым міндеттермен байланысты.

Заң жобасын әзірлеу барысында зардап шеккен экономиканы қалпына келтіру бойынша халықаралық тәжірибеде Ресей Федерациясының, Сауд Аравиясының, Оңтүстік Африка Республикаксының, Еуропа мемлекеттерінің және Канаданың тәжірибесі талданып, ескерілді.

Енгізіліп отырған түзетулер басым бағыттарда жобаларды іске асырып жатқан инвесторлар үшін тұрақтылықты сақтап қалу тетіктерін көздейді.

Карантиннен кейінгі кезеңде қызметтерін жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлердің экономикалық белсенділіктерін қолдауды, жеке меншікті қорғау мен бәсекелестікті дамыту қамтамасыз етіледі.

Жекешелендіру рәсімдерін жетілдіру, сондай-ақ стресті активтермен жұмыс тиімділігі арттырылады.

Жаңашылдықтар денсаулықты қорғау жүйесі сапасын арттыруға, медициналық мекемелерді толыққанды технологиялық қайта жабдықтауға, медициналық персоналдың өкілеттіктерін арттыруға бағытталған.

Мемлекеттік басқаруда жаңа инновациялық амал-тәсілдер, оның ішінде жобалық офис енгізіледі.

Заң жобасы 2 баптан тұрады.

1-бапта 14 кодекспен 71 заңдарға өзгерістер мен түзетулер енгізу көзделеді.

2-бапта Заңды қолданысқа енгізудің тәртібі қарастырылған.

Заң жобасын іске асыру COVID-19 пандемиясынан зардап шеккен экономика салаларын ынталандыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде еліміздің тиімді экономикалық қарқынын қалпына келтіруге әкеледі.

Заң жобасын қабылдау теріс салдарларға және басқа да қажет емес әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, құрметті әріптестер, заң жобасы бойынша бас комитетке оң қорытынды жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рақмет!

Поделиться