Қазақстан Республикасы

                                                                           Парламенті Сенаты Бюросының

                                                       2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 340-V СБ

қаулысымен бекітілді                                                   

    

                                        

                                           

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының  2016 жылға арналған негізгі  іс-шараларының

ЖОСПАРЫ

 

(Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 22.04. 2016; 23.05. 2016; 24.10. 2016 қаулыларымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)

 

 

Рет №

Іс-шараның атауы

Өткізу мерзімі

 

Жауаптылар

 

І. Сенат депутаттарының Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларын іске асыруға  қатысуы

 

1.

Мынадай:

- Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға;

- «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған заң жобаларын қарау

 

Сенатқа келіп түсуіне қарай

Бас комитеттер

2.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

. Сенат депутаттарының заң шығарушылық қызметі

 

1.

Заң шығару бастамасы құқығының субъектілері бастамашылық жасаған және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған заң жобаларын қарау

Конституция-лық мерзімдерде,

Сенатқа келіп түсуіне қарай

 

Бас комитеттер

2.

Парламент депутаттары бастамашылық жасайтын заң жобаларымен жұмыс

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

 

ІII. Сенат комитеттерінің көшпелі отырыстары

 

1.

 

«Ғылымның экономика салаларымен интеграциялануы және кадр даярлау процестерінде жоғары оқу орындарының рөлін арттыруды Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру аясында құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру шаралары туралы» тақырыбына арналған        Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – дегі конференция (Алматы қ.)

 

I тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

2.

Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін қолдану мәселелері бойынша Өскемен қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) Комитеттің көшпелі отырысы

 

II тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

 

3.

«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жүзеге асырылу мәселелері бойынша Комитеттің Алматы қаласындағы көшпелі отырысы

 

IV тоқсан

 

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

 

 

IV. Дөңгелек үстелдер, конференциялар  және  Сенат депутаттарының басқа да іс-шаралары

 

1.

 

«Діндер терроризмге қарсы» тақырыбына арналған халықаралық  конференция

(Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы XV отырысының шеңберінде)

II тоқсан 

 

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

 

2.

«Сот актілерін орындауды заңнамалық қамтамасыз ету» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

III тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

 

3.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауы аясында Жұмыспен қамту жол картасын құқықтық қамтамасыз ету шаралары туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

ІІІ тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

4.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру барысы туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел (Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде)

 

IV тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

 

5.

***

Алып тасталды.

 

 

6.

 

«Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың жаңа моделі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

IV  тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

 

 

V.  Сенат депутаттарының жергілікті өкілді органдармен байланысы

 

1.

Депутаттардың  халықпен кездесу үшін өңірлерге баруы

Қажеттілігіне қарай

Сенат депутаттары

 

 

2.

Парламент Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің және «Өңір» («Регион») депутаттық тобының жұмыс жоспарларына сәйкес жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау

Кеңестің және депутаттық топтың жоспарларына сәйкес

 

Сенат депутаттары

 

VI.  Сенат депутаттарының мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың  басшылығымен кездесулері

 

1.

*

Алып тасталды.

 

 

 

2.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен кездесу

I тоқсан

 

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

3.

Инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрімен кездесу (Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде)

 

 

I тоқсан

 

Қаржы және бюджет комитеті

4.

Қазақстан Республикасында мұнай өнімдерінің құнын реттеу және сапасын көтерудің заңнамалық жайларын талқылау бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және «Самұрық-Қазына» АҚ басшылықтарымен кездесу

 

II тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

5.

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру барысы және оны одан әрі жетілдіру шаралары туралы» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрімен кездесу

 

II тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

6.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында аграрлық ғылымды дамыту және ауыл шаруашылығы үшін мамандар дайындау мәселелері бойынша С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық университет қабырғасында аграрлық ғалымдармен кездесу

II тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

7.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры  қызметінің мәселелері және оның даму перспективалары бойынша кездесу (Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде)

 

II тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

8.

**

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында экономикалық бәсекелестікті ынталандыру және монополияға қарсы реттеу жөніндегі заңнамалық бастамалар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі басшылығымен кездесу

 

ІІІ тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

9.

Салықтық және кедендік әкiмшiлендiрудi жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрімен кездесу (Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде)

 

ІІІ тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

10.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін іске асыру мен шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талқылау бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері басшылықтарымен кездесу

 

IV тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

11.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту және 12 жылдық білім беру моделін енгізу мәселелері мен оларды заңнамалық қамтамасыз ету шаралары жөніндегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрімен кездесу 

 

ІV тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

12.

***

Қазақстан Республикасының Әскери доктринасының жүзеге асырылу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесу

IV тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

 

13.

***

 

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығымен кездесу

 

 

IV тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

 

 

 

14

***

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің қызметімен танысу (Қарағанды облысы)

IV тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

 

VII.  Сенат депутаттарының халықаралық және парламентаралық қызметі

 

1.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XV отырысы

 

Маусым 

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

 

2.

Парламент Сенаты Төрағасының шет елдерге ресми және жұмыс сапарлары (жеке кесте бойынша)

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

3.

Қазақстан Республикасына шет мемлекеттер парламенттері басшыларының сапарлары (жеке кесте бойынша)

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

4.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының шет мемлекеттер, шетел үкіметтері, парламенттері басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшыларымен және басқа да көрнекті шетелдік саяси, рухани және қоғам қайраткерлерімен кездесулері

  

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

5.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының, НАТО Парламенттік Ассамблеясының, «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің, БҰҰ және Парламентаралық одақтың отырыстары мен форумдарына қатысуы

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

6.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының сессиялары мен іс-шараларына қатысуы

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

7.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының ТМД Парламентаралық Ассамблеясы және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңестерінің, Бюроларының, комиссияларының отырыстарына  және жалпы отырыстарына, сондай-ақ басқа да іс-шараларына қатысуы

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

8.

Парламент Сенаты депутаттарының шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарының желісі бойынша сапарлары мен кездесулері

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

9.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның кезекті отырысы

 

Жыл ішінде

 

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

10.

*

Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлем    құру» халықаралық конференциясы

 

III тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті,

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті,

Сенат Аппараты

 

 

 

VIII. Сенат депутаттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы

 

1.

Депутаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында мақалаларының жариялануы мен сөз сөйлеуі

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

 

* - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 5-VI СБ қаулысымен бекітілді.

** - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2016 жылғы 23 мамырдағы № 13-VI СБ қаулысымен бекітілді.

*** - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2016 жылғы 24 қазандағы № 41-VI СБ қаулысымен бекітілді.