Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Клуб туралы

             

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы

Сарапшылар клубы туралы

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сарапшылар клубы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бастамасымен 2020 жылы 2 қазанда құрылды (бұрын Жас сарапшылар клубы деп аталған).

Клубтың мақсаты  Сенаттың заңнамалық қызметін талдамалық сүйемелдеу сапасын арттыруға және елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға салалық сарапшылардың әлеуетін жұмылдыру.

Клуб құрамына мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, әлеуметтік қолдау, сот және құқықтық қызмет, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру және өзге де салалардан 70-тен астам маман кіреді.

Клуб отырыстары қажеттілікке байланысты, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Отырыс барысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі мәселелері талқыланады. Оған орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінің басшылары шақырылады.

Сонымен қатар, Клуб сарапшылары Сенаттың тұрақты комитеттерінің жұмыс топтарына кіреді, Парламенттік тыңдауларға, Тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерге мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның жұмысына қатысады. Клуб мүшелерінің ұсыныстары Сенат жұмысында ескеріледі.

Клуб өкілдері апта сайын Сенат отырыстарын республикалық БАҚ-та талқылауға қатысады.

Клубта ротация жыл сайын өткізіледі. Алғашқысы 2024 жылдың маусымында жүргізілді.

2021 жылы Клуб мүшелері сарапшылардың жаңа буынының біліктілігін арттыру мақсатында «Талдау мектебі» жобасын құру туралы бастама көтерді. 2022-2024 жылдар аралығында аталған мектептің үш кезеңі өтті. Онда еліміздің экономикасы мен қоғамдық-саяси өмірінің түрлі салаларынан 200-ге жуық қатысушы өздерінің сарапшылық білімін жетілдірді. Клуб туралы қосымша ақпарат алу үшін Ережемен танысуға болады.

Байланыс үшін

 

Жасұланбек Майлыбай, тел. 74-72-40, e-mail: mailybay@parlam.kz

Жұлдызай Ысқақова, тел. 74-71-88, e-mail: iskakova_zh@parlam.kz