Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің «зияткерлік меншік құқығының өзекті мәселелері» тақырыбындағы көшпелі отырысы

04.02.2025 131

4-ші ақпан күні Сенаттағы конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің «зияткерлік меншік құқығының өзекті мәселелері» тақырыбындағы көшпелі отырысы өтті. Жиын ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институтында» өтті. Көшпелі отырыс әділет министрі Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы мен комитет төрағасы Бекназаров Нұрлан Құдиярұлының алғы сөздерімен ашылды. Тиісті мамандардың баяндамалары тыңдалды.

Нарықтағы брендті тауар бағаларының өсуі және электронды, онлайн сауданың дамуы контрафактілі тауар айналымының да өсуіне әкеліп соғуда. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Европалық зияткерлік меншік агенттігінің мәліметтері бойынша жалған тауарлардың әлемдік саудадағы үлесі жыл санап артуда. Ал Қазақстанда өткен жылы 150 млн-ның контрафактілі өнімі тәркіленген. 2023 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артық. Бұл біздің білетініміз ғана. Бұның экономикамызға келтіретін залалдары да өзекті. Контрафактілі өнімдердің кейбір түрлері тұтынушының өмірі мен денсаулығына зиянды әсерлерінің болуын да жоққа шығара алмаймыз. Кездесу барысында өзара еркін форматта пікір алмасу болды. Өзекті сұрақта талқыланды. Депутаттар тарапынан тиімді ұсыныстар ортаға салынды. Мен өз тарапымнан контрафактілі тауарлардың айналымына қарсы күрестің неліктен оң нәтиже бермей отырғанын қозғадым. Екі жақ тарапынан тиісті хаттама дайындалып, жұмыстар жүргізілу келісілді.

Бөлісу