Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында ұйымдастырылған дөңгелек үстел

04.02.2025 132

2025 жылдың 4 ақпан күні сот және құқық қорғау жүйелерінің, сондай-ақ норма шығармашылық қызметтің сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың кадрлық әлеуетін нығайту аясында заң білімін дамыту мәселелері бойынша Парламенттік тыңдауларға дайындық аясында Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатыстық. Жиынды Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Д.М. Малахов жүргізді.

Жиын барысында Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асанов Жақып Қажманұлы, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы, академия ректорының міндетін атқарушы Қанат Қалқаманұлы Мусин өзекті мәселелер бойынша хабарлама жасады. Күн тәртібі аясында өзара пікір алмасып, қызу талқылау болды. Мен кадр сапасы жөніндегі ойландырып жүрген пікірлерді ортаға салдым, сұрақтарыма жауап алдым. Дөңгелек отырысы қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге ұсыныстар дайындалуда.

Ары қарай Парламенттік тыңдауларға дайындықты жалғастырамыз.

Бөлісу