Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетімен мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша Комитеттің отырысына дайындық аясында жұмыс тобының отырысы

21.01.2025 139

2025 жылдың 21 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетімен мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша Комитеттің отырысына дайындық аясында жұмыс тобының отырысын өткіздік.

Жиында Бас прокуратураның, Сыртқы істер мен Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясының өкілдері хабарлама жасады және инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша қызу талқылау болды.

Алдағы уақытта Комитеттің отырысына дайындықты жалғастырып инвесторларға қатысты проблемаларды анықтап нақты шешу жолдарын ұсынатын боламыз.

Бөлісу