Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша комитеттің отырысын дайындау барысында жұмыс кездесуін өткіздік

27.01.2025 128

27 қаңтар күні Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша комитеттің отырысын дайындау барысында жұмыс кездесуін өткіздік. Осы бағыттағы жиі кездесетін проблемалар анықталуда. Олардың қатарында қажетті құжаттарды алудағы бюрократиялық қиындықтар, оларды қараудың , келісудің ұзақтығы, инфрақұрылымның тапшылығы және баяу жүргізілуі, қаржыландыру, салық салу, тарифтік реттеу мәселелері т. б бар. Сенат депутаттары мен мамандары, Бас прокуратура, Сыртқы істер министрлігі, өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Казақ инвест» Ұлттық компаниясы т. б мамандарымен сұрақтарды сараптап, тиісті ұсыныстар дайындайтын боламыз.

Бөлісу