2025 жылдың 5 ақпан күні «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талқыланатын Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында хабарлама жасадым.

Келісімге 2022 жылғы 10 мамырда Анкара қаласында қол қойылған.
Өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастық елдер арасында өткізілетін өнімге карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізуде маңызды рөл атқарады.
Келісімде карантинге жатқызылған өнімдерді өткізу кезінде біздің елдерімізге қолайлы фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті өзара ынтымақтастықтың негізгі сәттері ескерілген. Мысалы, өсімдіктер карантині жөніндегі ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру, өсімдіктер карантині саласындағы жаңа нормативтік құқықтық актілер және карантиндік зиянды организмдердің ұлттық тізбелері туралы ақпарат алмасу т.б
Сондай-ақ, карантинге жатқызылған өнімнің әкелінетін партияларына, ілеспе құжаттарға және тасымалданатын жүктердің транзит шарттарына қатысты талаптар қарастырылған.
Жиын барысында Комитет депутаттары өзекті сұрақтар қойып жауап алды.
Комитеттің шешімі бойынша, ой-пікірлерді ескере отырып, Заң Бас комитетке жолданды.