Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Парламент Сенатының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетімен мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша Комитеттің отырысына дайындық аясында ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның таныстыру іс-шарасын өткіздік.

06.02.2025 133

2025 жылдың 6 ақпан күні Парламент Сенатының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетімен мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша Комитеттің отырысына дайындық аясында ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның таныстыру іс-шарасын өткіздік.

Жиынға Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары, Сыртқы істер министрлігінің, Бас прокуратураның және «Қазақинвест» АҚ өкілдері қатысты.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Құдиярұлы инвестициялар кез-келген елдің экономикасын дамытуда маңызды рөл атқаратынын және олар жалпы ішкі өнімнің өсуін, өндіріс саласын дамытуды, қаржы ресурстарын ұлғайтуды ынталандыратынын, сондай-ақ озық технологиялар мен инновацияларды енгізуге ықпал етенін атап өтті.

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Абдуллаұлы баяндама жасап ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның жұмысымен таныстырды.

Депутаттар қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Алдағы уақытта Комитеттің отырысына дайындықты жалғастыратын боламыз.

Бөлісу