Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында екі заң қаралды

11.02.2025 142

2025 жылдың 11 ақпан күні Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында екі заң қаралды.

Бірінші «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң қаралды.

Келісімнің негізгі мақсаты қатар жұмыс істеу процесінде туындайтын Тараптардың өзара қарым-қатынасын рәсімдеу, сондай-ақ осы өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын негізгі шарттарды айқындау болып табылады.

Екінші «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қаралды.

Заңның мақсаты жұмылдыру кезеңінде де, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезеңінде де Қарулы Күштерді әскери оқытылған резервпен кепілді түрде толық жасақтауды регламенттеу.

Заңнамалық актілерге әзірленген түзетулер әскери бөлімдерді даярланған кадрмен жасақтауға және резервте жауынгерлік іс-қимылға дайын күш құруға мүмкіндік береді.

Жиын барысында жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында резервтегі әскери адамдар келісімшарт бойынша әскери қызметке ауысу бойынша сұрақ қойып жауап алдым.

Комитеттің шешімі бойынша, ой-пікірлерді ескере отырып, заңдар Бас комитетке жолданды.

Бөлісу