Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңы екі оқылымда мақұлданды.

13.02.2025 136

ҚР Парламенті Сенатында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңы екі оқылымда мақұлданды.

Заңның негізгі жаңашылдықтары:

Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру(тарихи-мәдени мұраның ең осал бөлігі ретінде олардың сақталуын, тұтастығын, шынайылығын қамтамасыз ету үшін анықталған археология ескерткіштерінің аумағы)

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган археология ескерткіштерінің резерватын құру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

Ұлттық қолөнер саласындағы шеберлердің шығындарының бір бөлігін бюджеттен өтеу. Өтемақы мөлшері 10%-дан 25%-ға дейін өзгереді;

Қожа Ахмет Ясауидің рухани-мәдени мұрасын зерттеу, зерделеу және кеңінен таныту жөніндегі шараларды іске асыру үшін жағдай жасау;

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы құрылысты шектеу, құрылыстың бөгде элементтеріне жол бермеу және оның бірегейлігін сақтау (қорғау аймағының шекарасынан бір жүз метр қашықтықта көше-жол желілерін өзгертуге жол бермеу мақсатында құрылыс салуды реттеу аймағында биіктігі жеті метрден асатын, сондай-ақ ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерімен үйлеспейтін объектілер салуға жол берілмейді);

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын (инклюзивті туризмді) қоса алғанда, барлық туристер үшін туризм инфрақұрылымына тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған жағдай жасау;

Мемлекеттік әлеуметтік объектілерді салу үшін жеке құрылыс салушыларға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын алу және беру бойынша Түркістан қаласы әкімдігіне құзырет беру (мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар, ауруханалар мен емханалар).т.б

Бөлісу