Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«2007 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы арасындағы Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға» қатысты

08.04.2025 68

         Бүгін  «2007 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы арасындағы Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға» қатысты Қазақстан Республикасының заңы комитет отырысында қаралды. Заңға жауапты болдым. Хаттамаға енгізілген өзгерістер Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың тәжірибесіне сәйкес, Хатшылыққа жұмысқа жіберілетін немесе келісім шарт негізінде қызмет атқаратын персонал мүшелерінің халықаралық мәртебесін нығайтуға бағытталған.

          Азия кеңесі Хатшылығының Қазақстанда болуы шарттары туралы келісіміне 32 өзгеріс енгізу қарастырылған. Атап айтқанда, олардың 13-і Хатшылық персоналына «халықаралық азаматтық қызметші» функцияларын беру, ал қалған 19-ы редакциялық сипатта болып табылады 

          Аталған заңды ратификациялау еліміз үшін теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды және республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді. 

 

Бөлісу