Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ЕГІСТІК ЖАҒДАЙЫН БАҒАМДАП ҚАЙТТЫҚ

16.07.2025 37
Бүгін әріптестерім ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемұлы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұрат Нәлқожаұлы, партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлымен Қармақшы ауданындағы жұмыс сапарымыз барысында Жаңажол ауылдық округінде орналасқан "Жаңажол" ЖШС-нің 4 егіс бригадасының күріш алқабымен таныстық.
«Жаңажол» серіктестігінің егіс көлемі 6 мың гектарға жуық. Бөліп қарайтын болсақ, оның 3100 гектары күріштік, 469 гектар жаңа жоңышқа, 600 гектары ескі жоңышқа, 5 гектар картоп, 325 гектар бидай, 39 гектар жүгері және 56 гектары судан шөбі егілген. 9,5 гектарды құрайтын алма бағы бар. Жерді игеруге 245 арнайы техникалармен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні серіктестікте 400 адам жұмыс жасайды.
Шаруашылық жұмысымен танысу барысында күріш егістігінің жай-күйі, агротехникалық шаралардың орындалуы мен өнімділік мәселелерін ортақ талқыға салып, шаруалардың ұсыныс пікірлерін тыңдадық.
Мұнан соң серіктестіктің Дүр Оңғар ауылындағы алма бағын көрдік. Бақтың көлемі 5 гектар. Мұнда 8600 түп жеміс ағаштары бар. Алманың Голден делишес сорты 6300 дана, Старкримсон – 1250 дана, Мельба – 450 дана, Столовка – 300 дана, Қызылай – 300 дана сорты егілген.
Бұл ауыл шаруашылығын әртараптандыру бағытындағы маңызды бастама деп есептейміз.
Бөлісу