СЫР ӨҢІРІНДЕ ГАЗДАНДЫРУ ДЕҢГЕЙІН 83 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН ЖЕТКІЗУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Бүгін Қармақшы ауданына жұмыс сапарымыз барысында әріптестерім ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемұлы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұрат Нәлқожаұлы, партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлымен бірге Дүр Оңғар, Иіркөл және Төребай би ауылдарына газ құбыры мен орамішілік газ желісін тарту жобасымен таныстық.
Дүр Оңғар ауылына газ тарту жобасының жалпы құны 7 млрд. 172 млн. теңгені құрайды. Қазіргі таңда «МБК Құрылыс» ЖШС мен құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 2024 жылы облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге биыл Ұлттық Қордан 5,2 млрд. теңге қаржы қаралып отыр. Жоба аясында 86,9 шақырым газ құбыры тартылып, 3 ГРПШ орнатылмақ.
Ал, Иіркөл және Төребай би ауылдарына газ желілерін тарту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған. Тиісті басқармаларға бюджеттік өтінім өткізіліп, нәтижесінде 2025 жылғы маусым айындағы нақтылауында облыстық бюджеттен жиыны 643,4 млн. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізуде.
Бұл ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған үлкен жоба. Сондықтан жобаның сапалы және мерзімінде халық игілігіне берілуі үшін ұсыныстарымызды айттық
Жалпы өңірде газдандыру деңгейі 78 пайызға жеткен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 83 пайызға дейін жеткізу көзделуде