Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚАЗАЛЫДАҒЫ ҚАРЛАҢ УЧАСКЕСІНДЕГІ КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

17.07.2025 36
«Қазалы–Қожабақы–Бозкөл–Кәукей» автожолының 16-шақырымындағы Сырдария арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы жаңа мердігердің қатысуымен қайта жалғасуда. Құрылыс барысының қазіргі жай-күйімен аудандағы жұмыс сапарымыз барысында Парламенттегі әріптестерім Руслан Рүстемұлы және Мұрат Нәлқожаұлымен бірге көріп қайттық.
Аталған нысанның құрылысы 2022 жылы басталғанымен, бастапқы мердігер «СтандартОйлКЗО» ЖШС өз міндеттемелерін толық орындамағандықтан, келісімшарт сот тәртібімен бұзылған болатын. Кейін жарияланған конкурс нәтижесінде жаңа мердігер – «Нұрлы Тау ЛТД» ЖШС құрылыс жұмыстарын қайта қолға алыныпты.
Жалпы ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын бұл автожол III санатқа жатады. Қазіргі уақытта нысанда 70 дана свайға бұрғылап бетон құю, 3 ростверг, 2 ледорез, 2 ригель және 2 тіреу жұмыстары орындалған. Сондай-ақ көпірге жалғасатын кірме жолдарды топырақпен көтеру жұмыстары жүргізілуде. Биыл көпір құрылысын жалғастыру үшін республикалық бюджеттен 758,4 млн теңге қаражат бөлінген.
Мониторинг барасында құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасына назар аударып, бұл маңызды инфрақұрылымдық жобаның жергілікті тұрғындар үшін жоғары мәнге ие екенін жеткіздік. Нақты айтқанда, жаңа көпір пайдалануға берілгеннен кейін Жанкент, Бірлік, Қожабақы, Аранды, Бозкөл, Тасөткел, Лақалы, Ажар, Тасарық және Кәукей елді мекендерінде тұратын 12 мыңға жуық халықтың қатынау мүмкіндігі жақсарып, көлік қатынасы айтарлықтай жеңілдейтін болады.
Бөлісу