Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

КӨНЕ ЖАНКЕНТ ҚАЛАШЫҒЫН АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫС-ПІКІРІН ТЫҢДАДЫҚ

17.07.2025 42
Бүгін Қазалы ауданына жасаған жұмыс сапарымызда Парламент қабырғасындағы әріптесім Руслан Рүстемовпен бірге аудан тарихындағы ерекше орын алатын киелі Жанкент шаһарына барып, ондағы жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарының барысымен және жаңадан табылған тарихи-мәдени жәдігерлермен таныстық. Сонымен қатар Жанкент ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерінде тыңдадық.
Жанкент қалашығы – Қазалы ауданындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіш. Қазақстанның ортағасырлық, соның ішінде түркі-оғыз тайпаларының тарихын зерттеудегі маңызды нысан. VІІ–XII ғасырлардағы Сыр бойындағы ірі қалалардың бірі, Оғыз қағанатының астанасы саналған. Мұнда 2014 жылдан бері қазақстандық және шетелдік археологтардың қатысуымен кешенді зерттеу жүргізілуде.
Бүгінде Қызылорда облысында 567 тарихи-мәдени мұра нысаны мемлекет қорғауына алынған, оның 31-і республикалық, 256-ы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, 280 нысан алдын ала есепке алынған. Облыстық бюджет есебінен жыл сайын Жанкент қалашығына кешенді археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, музейлер қоры түрлі экспонаттармен толықтырылып келеді.
Қазалы ауданындағы өркендеу ауылының маңында орналасқан көне қалашық жанында ауыл тұрғындарыменде кездестік. Ауыл тұрғындары алдағы уақытта Жанкент шаһарын туристік аймаққа айналдырса, ауыл азаматтары үшін жаңа жұмыс орындары құрылмақ деген ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Бөлісу