ЖҰМЫС САПАРЫМЫЗ АРАЛ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Бүгін Парламенттегі әріптестерім Руслан Рүстемұлы, Мұрат Нәлқожаұлы және «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлымен бірге Арал ауданындағы жұмыс сапарымызды Сапақ елді-мекенінің тұрғындарымен кездесуден бастадық. Парламент қабырғасында атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталып, Сенат пен Мәжіліс шеңберінде қаралған заң жобаларының нәтижелерімен бөлісіп, ауыл азматтарының ұсыныс - пікірлерін тыңдадық.
Тұрғындар елді мекендегі ең өзекті деген мәселелердің бір жаңа мектептің құрылысын салу, сонымен қатар ауылішілік инфрақұрылымдарды дамыту сынды мәселелерін сөз етті.
Елді- мекен халқымен кездесуден соң 2004 жылы асарланып салынған №69 орта мектептің жай- күйімен таныстық. 2 ауысым бойынша білім беретін білім ошағында 135 оқушы оқиды. Мектепте 6 оқу кабинеті жасақталған. Білім саласы мен балалардың кедергісіз білім алуы бағытында ұсыныстарымызды айттық.