МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БАСТАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛЫНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
Арал ауданындағы жұмыс сапарымыз барысында парламенттегі әріптестерім Руслан Рүстемұлы, Мұрат Нәлқожаұлы және «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлымен бірге Руханият орталығының жұмысымен танысып, Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, Ардагерлер кеңесі және жастар өкілдерімен кездестік.
Өткен жылы «Руханият жылы» аясында аймақ басшысының қолдауымен салынған орталық ақ жаулықты аналарымыз, ардақты ардагерлеріміз бен жігерлі жастарымыз бір жерде бас қосып, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын рухани орынға айналған.
Орталықта музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталығы орналасқан. Ғимарат ішіндегі мұражайда 11600 экспонат сақталған. Сонымен қатар кітапханада 112 мың кітап қоры бар. 2 үлкен оқу залы 7700 оқырманды қамти алады. Сондай - ақ архив бөлімінде жалпы 233-қор дерек, 62342 – сақтау бірлігі бар. Оның ішінде елімізге белгілі тұлғалардың 24 жеке тектік қоры 781-сурет құжаттары сақталуда.
Үкіметтік емес ұйымдар, Ардагерлер кеңесі және жастар өкілдерімен кездесу барысында Парламент қабырғасында атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталып, Сенат пен Мәжіліс шеңберінде қаралған заң жобаларының нәтижелерімен бөлістік. Оладың тарапынан айтылған ұсыныс пікірлерге құлақ түрдік. Әрбір ұйым өкілдері тарапынан айтылған ұсынысты назарға алып, өз пікірімізді жеткіздік.