МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІН ТЫҢДАДЫҚ
Бүгін Қызылорда өңіріндегі сапарымыз барысында әріптесім Руслан Рүстемұлымен бірге облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттарымен кездесу өткіздік. Басқосуда заң шығару процесіндегі жаңалықтармен, қабылданған заңдардың өңірлердегі жүзеге асу барысымен таныстырып, Парламенттің жоғарғы палатасындағы жұмыс бағыттарын баяндадық.
Мәслихат депутаттары өңірдегі өзекті мәселелерді көтеріп, заңнамалық деңгейде қолдауды қажет ететін бастамалар бойынша ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, салықтық жүктемені оңтайландыру, халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім беру салалары бойынша және т.б ұсыныстар мен пікірлерін айтты.
Кездесуде көтерілген ұсыныстарды назарға алып, заң шығару жұмыстары барысында айтылған пікірлердің ескерілетінін жеткіздік.