Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ЖАЛАҒАШТАҒЫ КҮН СӘУЛЕСІНЕН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ӨНДІРЕТІН СТАНЦИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫН КӨРДІК

23.07.2025 39
Бүгін сенатор әріптесім Руслан Рүстемовпен бірге жұмыс сапарымыз Жалағаш ауданында жалғасты. Ауданға сапарымыз алдымен Жалағаш кентіндегі «Nomad Solar» ЖШС-ның күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін станциясында басталды.
Күн электр станциясы – баламалы энергия көздерін пайдалану арқылы өңір экономикасына оң әсер ететін ірі жобалардың бірі. Жоба құны – 19 млрд теңге. Электр станциясы 164 гектар аумақта орналасқан, оның ішінде 75 гектар күн панельдеріне арналған. Құрылысы 2018 жылдың қазан айында басталып, 2019 жылдың қазанында толық аяқталған.
Жаңартылатын энергия көздері – ел болашағына салынған инвестиция. Мұндай жобалар аймақ дамуына серпін береді. Ол экологиялық таза, жаңартылатын және ұзақ мерзімде тиімді. Қазіргі таңда Қазақстанда күн энергиясын қолдану артып келеді. Бұл — табиғатты қорғаудың және энергия тапшылығын шешудің бір жолы.
Сондай-ақ мұнда станцияның еңбек ұжымымен кездесіп, өндіріс барысы, еңбек жағдайы және баламалы энергия көздерінің маңыздылығы жөнінде пікір алмастық.
Бөлісу