УНИВЕРСИТЕТТІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІК
Бүгін ҚР Парламенті Сенатындағы әріптесім Руслан Рүстемұлымен бірге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде мазмұнды кездесу өткіздік. Онда профессор-оқытушылар құрамымен жүздесіп, еліміздің заңнамалық бастамалары, білім саласындағы реформалар және өңірлік дамудың өзекті мәселелері бойынша ой бөлістік. Жиында университеттің басқарма төрағасы, ректор Бейбіткүл Каримова оқу орнының жетістіктері мен алдағы жоспарларын таныстырып, негізгі көрсеткіштермен бастамаларына тоқталды. Кездесу барысында жоғары білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді қолдау және университеттердің дербестігі сынды маңызды тақырыптар қозғалды.