«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ»: ҰЖЫМ ТІЛЕГІ НАЗАРДА
ҚР Парламенті Сенатындағы әріптесім Руслан Рүстемовпен бірге “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының ұжымымен кездесу өткіздік. Корпорация ұжымының атқарып отырған жауапты жұмыстарымен танысып, мемлекеттік қызметтерді халыққа жылдам әрі сапалы жеткізудің маңыздылығына тоқталдық. Сонымен қатар, қызмет көрсету процестерін жеңілдету, цифрландыруды одан әрі дамыту, шалғай елді мекендерге қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытындағы ұсыныстарды тыңдадық. Жүздесу барысында ұжымның сауалдарына жауап беріп, сала мамандарының ұсыныс-пікірлерін назарға алдық.