Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫН ОҚЫТАТЫН ПЕДАГОГТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІК

26.07.2025 38
Шиеліге сапарымыз барысында әріптесім Руслан Рүстемұлымен Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің шеберханаларымен танысып, жұмысшы мамандықтарын оқытатын ұстаздармен кездестік. Кездесуде колледж директоры Болат Сүлейменов оқу орнының жетістіктері мен алдағы жоспарларын таныстырып, негізгі көрсеткіштермен бастамаларына тоқталды. Оқу орны көп салалы сипатқа ие және аймақта жұмыс істейтін ауылшаруашылық, уран және басқа тау-кен өндірістерінде қажет кадрларды даярлау үшін 18 мамандық 28 біліктілік бойынша оқыту жүргізуде. 2024-2025 оқу жылында 275 бала курстан курсқа өткізіліп, биылғы жылы оқу жылына талапкерлер құжаттарын тапсыруда. Бүгінгі күні колледж қабырғасында 61 педагог білім алушыларға сабақ береді. Басқосу барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, білім саласындағы реформалар, оқу бағдарламаларын өндіріс талаптарына сәйкестендіру мәселелері кеңінен талқыланды.
Бөлісу