Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚЫЗЫЛОРДА – ИНВЕСТИЦИЯҒА ТАРТЫМДЫ АЙМАҚ

29.07.2025 39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әрбір өңір экономикасының дамуы тікелей инвестициялық ахуалға байланысты. Инвесторлар үшін нақты жағдай жасап, олардың жобаларын іске асыруға барлық деңгейде қолдау көрсету – басты міндет.» деген болатын. Президенттің “Инвестиция тарту – экономиканың қозғаушы күші” деген сөзі Қызылорда облысы үшін де ерекше маңызға ие. Облыс басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлы Нәлібаевтың басшылығымен Сыр бойында өзге өңірлерге үлгі болатын нәтижелерге қол жеткізілуде. Соңғы үш жылда инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүруде. Мысалы, 2025 жылдың алғашқы бес айында 229 млрд. 800 млн тенге тартылып 27,1 пайызға өсім қалыптасты. Жеке инвестиция үлесі 70 пайызды құрауда. Инвестициялық саясаттың нақты нәтижесі – жұмыс істеп тұрған өндірістер мен жаңартылған технологиялар. Қызылордадағы гофрлеу және картонның тегіс қабаты үшін қағаз өндірісі жобасының бастамашысы «Rem Plast Invest» ЖШС. Өндірілетін өнім қағаз өндірісі (гофратара). Айына 5400 тонна өнім өндіріледі. Жобаны жүзеге асыру үшін «ЦКЗ» өндіріс индустриялық аймағынан 2,5 га жер телімі табысталған. Жоба құны 559,1 млн. теңге. Мұнда 15-ке жуық адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Сыр өңіріне сапарымыз барысында бүгін әріптесім Руслан Рүстемұлымен бірге осы аталған зауытта болып, оның өндірістік үдерісімен және даму жоспарларымен таныстық. Жергілікті деңгейде көрсетілген қолдау мен кәсіпкерлердің сенімді қадамдары арқасында бүгінде зауыттың құрылыс жұмыстары 60 пайызға аяқталған. Мұндай жобалар – экономикаға инвестиция ғана емес, сонымен қатар «Таза Қазақстан» аясындағы жасыл экономиканы дамыту, аймақтағы қоқыстарды қайта өңдеу арқылы тазалықты күшейту, тұрғындарға жұмыс, өңірге тұрақтылық, елге сенім. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстары жалғаса береді. Біз мұндай кәсіпорындардың дамуына қажет мәселелерді Парламент деңгейінде де назарда ұстаймыз. Қызылорда – тек тарих пен мәдениет өлкесі емес, заманауи даму мен жаңа экономиканың орталығы болуға лайық. Инвестиция салуға қауіпсіз, тиімді және болашағы зор аймаққа айналып келеді.
Бөлісу