ЖҰМЫСШЫ МАМАН – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ТІРЕГІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, «Біз еңбек адамына құрмет көрсетіп, жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеруіміз қажет.» деген болатын. Сондай-ақ Президент «Қазіргі таңда елімізге инженерлер, технологтар, құрылысшылар, жұмысшы мамандар аса қажет. Сондықтан біз кәсіптік және техникалық білімді дамытуға ерекше назар аударуымыз керек.»-деді. Осы орайда сыр өңіріне жасаған жұмыс сапарым барысында әріптесім Руслан Рүстемұлымен бірге жұмысшы кадрларды даярлайтын Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің материалдық-техникалық базасымен таныстым. Білім ордасы 1930 жылы құрылған, биыл оқу орнына 95 жыл толып отыр. Жалпы колледжде 30 мамандық бойынша техник мамандар даярланады оның ішінде: ауыл шаруашылығы, теміржол шаруашылығы, құрылыс, энергетика, ақпараттық технологиялар саласы бойынша мамандар даярланады. Колледжде 2020 жылы «Жас маман» жобасымен алынған 4 зертхана Германия мемлекетінен жабдықталған электрмен қамтамасыз ету бағыты бойынша алынған зертхана жұмыстарымен және демеушілер қаражат есебінен жөндеуден өтіп, қайта жабдықталып жатқан дәрісханалармен таныстық. Кәсіптік білім беру ұйымы – еңбек нарығының нақты сұранысына жауап беретін маңызды құрылым. Оқу орны қазіргі заманғы талаптарға сай, өндірістік тәжірибеден өтетін шеберханалармен, жаңа технологияларға негізделген зертханалармен жабдықталған. Білікті маман – ел экономикасының қозғаушы күші. Сондықтан жұмысшы кәсіптерге деген көзқарасты арттыру – стратегиялық маңызды мәселе. Кездесу барысында колледж директоры Абайбек Жүнісовпен әңгімелесіп, ұсыныс-тілектерін назарға алдық.