«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы талқыланды
Бүгін Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары Комитетінің отырысында халықаралық ынтымақтастық пен құқықтық тетіктерді жетілдіруге қатысты үш Заң қаралды.
Отырыс аясында келесі заң жобалары талқыланды:
1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы»;
2) «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы»;
3) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Атап айтқанда, мен баяндама жасаған Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын ерекше атап өткім келеді.
Аталған келісімге 2023 жылғы 2 желтоқсанда Дубай қаласында КОП28 (COP28) климаттық саммитінде қол қойылған. Бұл ірі инфрақұрылымдық әрі экологиялық жоба - Жамбыл облысында қуаты 1 гигаватт болатын жел электр станциясын және 300 мегаватт қуаттағы энергия сақтау жүйесін салуға бағытталған.
Жобаны Qazaq Green Power атты бірлескен жобалық компания жүзеге асырады. Қазақстан тарапынан «Самұрық-Қазына» қоры мен KIDF қорының үлесі – 20%. Негізгі инвестор – БАӘ-нің стратегиялық компаниясы Masdar, ал шетелдік инвестиция көлемі – 1,4 миллиард АҚШ доллары.
Жоба еліміздің энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігіне нақты үлес қосады. Жыл сайын, 3,4 млрд квт-сағ «таза энергия» өндіріліп, 2 миллион тоннаға жуық көмірқышқыл газдың шығарылуының алды алынады, бұл – Париж келісімі мен Қазақстанның декарбонизация стратегиясы аясындағы мақсаттарға толық сәйкес келеді.
Құрылыс кезеңінде 1000-ға жуық, ал іске қосылғасын 100 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жобада қазақстандық жабдық жеткізушілердің, мұнаралар, генератор қораптары мен аккумуляторлар өндірушілерінің қатысуы жоспарланған.
Келісімді ратификациялау республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді және еліміздің негізгі басымдықтарына – инфрақұрылымды жаңғыртуға, инвестиция тартуға, экологиялық жауапкершілікке және БАӘ-мен стратегиялық серіктестікті нығайтуға толық сәйкес келеді.