Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның Заңының негізігі жаңашылдықтары туралы баяндама жасадым

11.06.2025 65
Бүгін Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысы өтті.
Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның Заңының негізігі жаңашылдықтары туралы баяндама жасадым.
Отырысқа Бас Прокурордың орынбасары Қойгелдиев Ғалымжан Мамбетұлы, Ішкі істер министрінің орынбасары Әділов Санжар Әскенұлы, Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Елемесов Жеңіс Фарахатұлы және орталық мемлекеттік органдардың басқа да өкілдері қатысты.
Бұл Заң Мемлекет басшысының мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған. Атап айтқанда, ішкі істер органдарының қызметін шамадан тыс реттейтін нормалар заңнан алынып, ІІМ туралы Ережеге және басқа да заңға тәуелді актілерге ауыстырылады.
Сонымен қатар, «Құқықтық актілер туралы» Заң талаптарына сәйкес бірқатар заңдардың мақсаттары, міндеттері және принциптері нақтыланып, қолданыстағы қарама-қайшылықтар мен олқылықтар жойылады.
Заң мақұлданған жағдайда келесі нәтижелер күтіледі:
✅ заңдарды артық нормалардан «арылтуға» және заңға тәуелді актілер деңгейінде оларды нормативтік реттеу бөлігінде елде туындайтын өзгерістерге неғұрлым жедел ден қоюға мүмкіндік береді;
✅ артық қаражат төлеу жағдайларын қоспағанда, әскери қызметшілерді, арнаулы және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін әлеуметтік, материалдық және қаржылық қамтамасыз етуді біріздендіруге және теңестіруге, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға ықпал етеді;
✅ адамдарды сәйкестендіру тиімділігін арттыру және қоғамдық тәртіпті қорғаудың алдын алу тетіктерін күшейту, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың өсуін азайту т.б
Бөлісу