Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

МЕЙІРГЕР ІСІН КӘСІБИЛЕНДІРУДІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

31.07.2025 42

Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласының алдында тұрған басты міндеттердің бірі — медициналық қызметтің сапасын арттыру. Бұл ретте тек дәрігерлердің біліктілігіне ғана емес, сонымен қатар мейіргерлердің кәсіби деңгейіне де ерекше мән берілуі тиіс. Себебі, науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей ықпал ететін алғашқы және күнделікті күтім мейіргердің қолында. Осыған байланысты мейіргер ісін кәсібилендірудің маңызы жылдан жылға артып келеді. Бүгінгі мейіргер – тек орындаушы емес, науқастың жағдайын бағалап, шешім қабылдай алатын, білікті маман. Сондықтан бұл саланы кәсіби бағытта дамыту – уақыт талабы. Осы орайда бүгін әріптесім Руслан Рүстемұлымен бірге аталған мамандарды даярлайтын Қызылорда медициналық жоғары колледжінде болып, оқу орнының жай-күйімен таныстық. 100 жылға жуық тарихы бар білім ордасында стоматология, ортопедиялық стоматология, емдеу ісі, мейіргер ісі, акушерлік ісі, лабораториялық диагностика фармация, гигиена және эпидемиология, мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры мамандықтары бойынша орта арнаулы және орта білімнен кейінгі білімді медицина мамандар дайындалады.
Колледж директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Калмакова Жанар Амангелдіқызы бүгінгі күні мейіргерлердің рөлі мен мәртебесін арттыру мақсатында Қызылорда медициналық жоғары колледжі орта медициналық білім беру жүйесін жетілдіру, кадр даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың жаңа үлгілерін қолданысқа енгізудің маңыздылығын атап өтіп, ұсыныстарын білдірді. Жоғарыда айтып өткендей ғасырға жуық тарихы бар оқу орнына 2028 жылы 100 жыл толмақ. Европалық стандарттарға және Қазақстан Республикасындағы медбике ісін реформалауға сәйкес медицина мамандарының жаңа моделін даярлау және білімін жетілдіру жолымен дені сау қоғам құру арқылы елдің экономикасының жоғарылауына ықпал жасауды өзіне миссия тұтқан білімнің киелі қарашаңырағының алар асуы мол, келешегі кемел.

Бөлісу